Жолдағы медициналық-құтқару пункттері көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр

15 Желтоқсан 2023, 14:49
637
Бөлісу:
Жолдағы медициналық-құтқару пункттері көлік жүргізушілеріне көмектесіп жатыр
Фото: ТЖМ

Ақтөбеден Түркістан облысына бет алған жүргізушінің Қызылорда облысы аумағында аяздан жүк көлігі от алмай қатып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оған облыс аумағындағы «Жосалы» 2-трассалық медициналық-құтқару пункті көмек көрсетті. Тоңған жүргізушіге куәгерлер жақын маңдағы жол пунктіне баруға кеңес берген.

Жол бойындағы пункт бригадасының қызметкерлері оны жылы бөлмеге орналастырып, тамақтандырды. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізді.

Дизелдік жылыту құралы мен газ оттығының көмегімен тоқтап қалған көлік тек үшінші күні жылытылды.

Түркістан облысына қарай бағыт алған «VOLVO» маркалы жүк автокөлігінің көлік жүргізушісі Талғат Қошаев өзіне көмек көрсеткен қызылордалық құтқарушыларға алғыс білдірді. Қазақстанның трассалық қызметі республиканың барлық 14 облысында орналасқан және жауапкершілік аймағында 50 км жұмыс істейтін қырық трассалық медициналық-құтқару пункттерінен тұрады, - деді ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Қызылорда филиалы.

Өзгелердің жаңалығы