«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

28 Желтоқсан 2022, 10:40
1112
Бөлісу:
«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы - «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы