Жол сапасын қадағалайтын мекеме істі болған қызметкерлері туралы түсініктеме берді

31 Шілде 2019, 15:10
1867
Бөлісу:
Жол сапасын қадағалайтын мекеме істі болған қызметкерлері туралы түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы айдың басында «Жол активтері сапасы орталығы» РМК қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлер бар екені туралы ақпарат тараған. Осыған мәліметке қатысты мекеме басшысы Замир Сағынов түсініктеме берді.

«Орталық қызметкерлері туралы айтылған ақпаратты неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Бас прокуратураға және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті сауалдар жолданды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабына сәйкес, Орталық бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған және басқарушылық лауазымда жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыстан шығаруға құқылы», - деді Замир Сағынов.

«Жол активтері сапасы орталығы» РМК басшысының айтуынша анықталған тоғыз адамның жетеуінің жемқорлық фақтілеріне қатысы жоқ.

«Расында де бізде кезінде істі болған 9 қызметкердің бары анықталды. Олардың екеуі 2 сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша жауапқа тартылған. Біреуі «Алматыжолзертхана» бұрынғы директоры қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды, ал екіншісінің жазасы өтелген, 3 жылға лауазымды қызмет атқаруға тиым салған шектеулер 2009 жылы аяқталған және ол басқарушылық функцияларын атқармайды. Қалған жұмысшылар, оның ішінде күзетші, қызметші, инженер жемқорлық фактілеріне мүлде қатысы жоғы мәлім болды. Олар біреудің меншігіне қол сұғу, дене жарақаты, жол-көлік апатына қатысты істер және жұмыстан шығаруға заңдық негіз жоқ» , - деді Замир Сағынов.

Еске сала кетейік, бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңес өтті.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Көлік прокуратурасы, Көлік және автожол комитеті, облыс әкімдіктері, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтерінің сапа орталығы» РМК, «Адал жол» жобалық кеңсесінің өкілдері және тағы басқалар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы