Жол құрылысы құнының 0,5%-ы ғылымды дамытуға бағытталады

5 Қараша 2022, 11:49
1099
Бөлісу:
Жол құрылысы құнының 0,5%-ы ғылымды дамытуға бағытталады

Алматы қаласында автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жөндеу барысында инновациялық технологияларды енгізу және қолдану мәселелері бойынша жол саласының мамандарына арналған екінші салалық семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ қолдауымен Автомобиль жолдары комитетінің Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға мердігер және жобалау ұйымдарының өкілдері, жол құрылысына арналған материалдар мен құрылғыларды жеткізумен айналысатын кәсіпкерлер, сондай-ақ Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы, «ҚазАвтоЖол» ҰК және Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингтің ашылуында сөз алған «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне еліміздегі автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша ауқымды міндеттер жүктегенін атап өтті.

Осыған байланысты жол саласында қызмет етіп жүрген отандық ғалымдарға жаңа технологияларды әзірлеу, сонымен бірге инновациялық материалдарды, автожолдар мен көпірлерді жөндеу, олардың құрылысы және жобалау әдістерін трансферттеу, сынақтан өткізу және жүйелеу жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Жолдардың сапасы көбінесе құрылыс материалдарына байланысты болады. Сондықтан «ҚазжолҒЗИ» жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын әзірлеуде. Оған карьерлерден алынған сынамаларды зертханалық зерттеу және тәжірибелік учаскелерде жаңа технологияларды сынамалау нәтижелерін енгізу жоспарлануда. Карьерлердің географиялық ақпараттық жүйе картасы, олардың қорларының сапалық және сандық көрсеткіштері бар жол-құрылыс материалдарының тізілімі, сондай-ақ оларды елдің белгілі бір климаттық аймақтарында қолдану жөніндегі ұсыныстары бар жаңа технологиялар рейтингі қалыптастырылатын болады, – деді А.Әлібаева.

Жолдардың құрылысы және жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу кезінде жобалау ұйымдары тек бірыңғай базаға енгізілген жол-құрылыс материалдары мен технологияларын ғана пайдалануға міндетті екенін айтты.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, қазір жобаларға ғылыми сараптама жүргізуге және жол саласы ғылымын дамытуға құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнынан 0,5 пайыз бөлу мәселесі зерделенуде. Осылайша, жобалар мен құрылыс нысандарында жаңа технологиялардың қолданылуы бақылауда болады.

Кезекті тақырыптық семинар барысында асфальтты, цементбетон жабындарын жөндеу, қалпына келтіру және қайта өңдеудің жаңа технологиялары мен әдістерінің кең ауқымы қамтылды. Спикерлер автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу саласындағы инновациялық әзірлемелер және оларды тәжірибе барысында қолдану туралы айтып берді.

Іс-шараға қатысушылардың назарына плиталардың шөгуі мен сынықтарды жөндеу, жабынның деформациялық тігістерді герметизациялауды қалпына келтіру, жол таңбаларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ көктайғақ туралы алдын ала хабарлау жүйесі, икемді бетон төсеніштерін қолдана отырып, жолдар мен көпірлердің беткейлерін нығайту техникасы ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған форматтағы семинарларды жақын арада Қазақстанның барлық өңірінде өткізу жоспарда бар.

Өзгелердің жаңалығы