Жол ақысын төлемейтіндер көбейген. Елордада бақылаушыларды қайта қайтару мәселесі қаралып жатыр

1 Сәуір 2022, 11:40
6913
Бөлісу:
Жол ақысын төлемейтіндер көбейген.  Елордада бақылаушыларды қайта қайтару мәселесі қаралып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарбалас уақытта бір автобуста орташа есеппен 20 адам жолақыны төлемейді. Салдарынан елордалық тасымалдаушылар жыл сайын шамамен 2,5 млрд теңгеден астам қаржыдан қағылып отыр. Осыған байланысты бақылаушыларды қайта қайтару ұсынылды.

Көліктік бақылау департаменті 2021 жылы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 мыңнан астам фактісін анықтады, оның ішінде 9 мыңнан астам факті бойынша жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде билетсіз жүретін жолаушылар саны күрт өсті, әсіресе бұл мәселе қарбалас кезде туындайды, автобус адамға лық толған кезде автобуста шамамен 20 адам жол ақысын төлемейді. Осы себепті тасымалдаушылар жыл сайын шамамен 2,5 млрд теңгеден астам қаржыны жоғалтып отыр, - дейді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Игенбердиновтың айтуынша, көп жағдайда бұл жолаушылардың жазаға тартылмауынан туындап отырған мәселе екен. Өйткені көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері билетсіз жүргендерге айыппұл салуға құқылы емес, ал полиция қызметкерлерін шақыру ұзақ процесс және құқық бұзушылықты рәсімдеу процедурасымен қиындайды.

Осыған байланысты Бекмырза Игенбердинов көліктік бақылау департаментінің қызметкерлеріне билетсіз жол жүргені үшін әкімшілік құқық бұзушылықты қарау бойынша өкілеттіктер беруді ұсынды. Оның айтуынша, тиісті түзетуді ӘҚБтК енгізу қажет.

Алайда мәслихат хатшысы Нұрсұлтан Ерлан Каналимов тағы бір шешім ұсынды. Ол бақылаушыларды қайта қайтару керек дегенді меңзеді.

Билетсіз жүретін адамдардың қатары артып келеді. Тасымалданатын ағынның 20-30%-ы, күн сайын 180 мың адамдай  жол жүру ақысын төлемейді. Бұл шығын күніне шамамен 18 млн теңге және айына 500 млн теңге. Автопарктердің кірісі де осы, егер олар көбірек алса, бізден субсидияны азырақ сұрар еді. Мәселе неде? Егер бұл мәселені шеше алмасақ, қолымыздан келмей жатса онда бақылаушыларды жеке автопарктерге қайтару керек, - деді Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Айта кетейік, елордада алты автопарк жұмыс істейді. Олардың бірі коммуналдық және бесеуі жеке. Қоғамдық көліктің маршруттық желісі 95 маршруттан тұрады, оның 70-і қалалық және 25-і қала маңындағы маршруттар. Қалада 1 109 қоғамдық автобус бар. Күн сайын желіге 886 автобус шығады.

Өзгелердің жаңалығы