Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан әкесі мен қызы көз жұмды.
Instagram-да Kaskelenkz тобында оқиға орнынан видео жарияланды.
Жергілікті тұрғын, етікші болатын. Ол балаларымен бірге өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы да сол жерде қаза тапты, ал қоларбадағы ұлын итеріп үлгерген, ол тірі, - делінген видеодағы жазбада.
45 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.
Жол апаты салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен 9 жасар бала көз жұмды. 3 жасар баланы қалалық ауруханаға жеткізді, - деп түсіндірді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК «ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастылған.
Оқи отырыңыз: