Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

26 Қаңтар 2022, 22:01
1591
Бөлісу:
Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңес мүшелері Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағалары лауазымдарына үміткерлер ұсынылды. Бұл туралы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты хабарлады.

Кеңес отырысында сонымен қатар зейнет жасына жеткен бір судьяның лауазымында қалдыру жөнінде келісім берілді.

Бұдан бөлек, Жоғары Сот Кеңесі республика соттарының бірқатар судьяларды лауазымдарынан босату мәселесін қарады. Лауазымдарынан босату негіздері отставкаға кету, өз еркімен қызметті босату, басқа жұмысқа ауысу және Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің шешімі болды.

Отырыс барысында облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқалары төрағалары лауазымдарына және аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларына жарияланған конкурстың екінші кезеңі қорытындыланды.

Қабылданған шешімдер туралы толық ақпарат Кеңестің ресми сайтында орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы