Жоғары қабаттан секірмек болған: Ақтауда қыз балаға іздеу салынды

4 Наурыз 2024, 08:03
346
Бөлісу:
Жоғары қабаттан секірмек болған: Ақтауда қыз балаға іздеу салынды
Фото: Арман Мухатов -архив

Ақтауда полиция көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаменті 3 наурыз күні түстен кейін 32Б-шағынауданындағы “Amanat” тұрғын үй кешенінде болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Тәртіп сақшылары 20 жасар қыздың тұрғын үй кешенінің терезесінен секіруіне жол берілмегенін, алайда кейін ол үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін анықтағанын айтты.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүргізуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға туралы видео 3 наурызда Ақтау пабликтерінің бірінде жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы