Жоғарғы Соттың судьялары қызметтерінен босатылды

12 Қаңтар 2023, 10:18
1015
Бөлісу:
Жоғарғы Соттың судьялары қызметтерінен босатылды

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың судьялары қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл мәселе бойынша Президенттің тиісті ұсынуы Сенатқа келіп түскен. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 34-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындыға келді: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Асан Қайроллаұлы Ескендіровті басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыным жасалсын, - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В. Волков.

Асан Ескендіров, Айгүл Қыдырбаева мен Вячеслав Салий Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босатылды. 

Өзгелердің жаңалығы