Жоғарғы сот төрағасы нақты істер бойынша енді азаматтарды қабылдамайды

15 Сәуір 2022, 12:33
1532
Бөлісу:
Жоғарғы сот төрағасы нақты істер бойынша енді азаматтарды қабылдамайды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Сот істері бойынша азаматтарды қабылдаудың нақты тәртібі бар. Нақты процессуалдық көрсетілген әрекеттерді тарапты жасауы керек. Соған қарамастан кейбіреулер жеке қабылдау арқылы сотты қайта қарауға ықпал еткісі келеді. Барлығы Жоғары соттың төрағасы мен алқа төрағаларының жеке қабылдауына келіп мәселені шешпекші. Бірақ процесстік кодекстерде соттың нақты  істері бойынша қабылдауға қатаң тыйым салынған. Бұл заңға қайшы әрекет. Оған жол беруге болмайды, - деді Нұрсерік Шәріпов. 

Ол атағандай, сотты басқа мемлекеттік органдармен салыстыруға болмайды, себебі сот қызметінің ерекшелігі бар. 

Егер мемлекеттік орган басшылары өз құзыретіне сәйкес, кесте түзіп, ол бойынша азаматтарды қабылдап, мәселені шешу бойынша міндетті болса, сот төрағасы қай деңгейде болмасын, ол судья, сондықтан нақты істер бойынша азаматтарды қабылдауға құқығы жоқ. Сот әдебі кодексі бұзылған жағдайда жазалау бар. Сот төарағасы жеке қабылдауды өзінің төрағалық қызметіне қатысты ғана атқарады, - деді ол. 

Шәріпов айтқандай, нақты іске қатысты емес, сот ұйымдастыру, тәжірибе талдау мәселесі бойынша қабылдау алады.

Бүгінге дейін алқа төрағалары, жоғарғы сот төрағасы азаматтарды жеке қабылдап келді. Біз азаматтарды бірнеше мәрте қабылдадық. Әртүрлі жағдайды ескере келе азаматтарды қабылдауды жүргіздік. Бірақ қандай іс болмасын, екінші тарап болады. Қылмыстық істер аясында 100-200 жәбірленуші болады. Біз бір тарапты қабылдаған кезде екінші тараптың наралығының болуы орынды. Олардың айыптауы да орынды деп ойлаймыз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы