Жоғарғы Сот судьясы Жанғұттинов қызметінен босатылды

10 Наурыз 2022, 10:13
1416
Бөлісу:
Жоғарғы Сот судьясы Жанғұттинов қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы Сот судьясы Мейрам Жанғұттиновты қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Сот үкімімен Жанғұттинов қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын айтты.

Сенатор Владимир Волковтың айтуынша, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында Жоғарғы Сот судьясын қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған кандидатураны талқылай келе, қорытынды шығарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы негізінде және Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті қорытындыға келді, - деді комитет төрағасы.

Ол әріптестеріне Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Мейрам Құрмашұлы Жанғұттиновты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасады.

Бұл мәселе бойынша депутаттарға ашық дауыс беру ұсынылды.

Өз кезегінде депутаттар қаулыны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы