Жоғарғы сот қызметкері: Өзінің заңсыз әрекетін ақтағысы келетіндер бар

8 Сәуір 2022, 23:30
2303
Бөлісу:
Жоғарғы сот қызметкері: Өзінің заңсыз әрекетін ақтағысы келетіндер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Жоғары сот алдына наразылығын білдіруге шығып жүрген тұлғалар туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында пікір білдірді.

Жоғары сот аппараты басшысының орынбасары Зейнеп Шақырғанованың азаматтық ісі бойынша мән-жайға тоқталды.

2008 жылы Шақырғанова кәмелет жасқа толмаған үш баланың анасы Е.Горбулядан 3 млн теңгеге қарызын өндіріп алады. 2009 жылы Горбуля өмірден өтеді. Анасынан айрылған екі қыз басқа отбасыдан пана тауып, ұл бала ғана әкесінің қолында қалады. Анасынан қалған жалғыз мұра – пәтер. Осы уақытқа дейін Шақырғанова пәтерді өз атына жаздыру үшін бар айла-амалды қолданады. Бірақ үй оған тиесілі емес, – деді Елдос Жұмақсанов. 

Оның айтуынша, барлық сотта жеңілген Шақырғанова ешқандай сот шешімінсіз, құжаттарсыз үйді иеленіп алады. Пәтердің заңды мұрагерлері оны қайтара алмай, бұл заңсыз әрекет 5 жыл бойы жалғасқан.

2013 жылы үй мұрагерлерінің бірі арыз жазып, Шақырғанова пәтерден күшпен шығарылады. Бірақ Шақырғанова пәтерден қудалауға қатысты да сотқа арыз береді.Бірақ сот ол шешімді өзгеріссіз қалдырады. Бұл іс барлық сот инстанцияларынан өтті. Десе де заң сөзіне құлақ аспаған ол бүгінге дейін пәтерді қайтаруды сұрайды. Осыған байланысты қарсылық акцияларын өткізіп жүр. Бірақ бұл істің нүктесі қойылды. Заң балалар құқығын қорғауды жөн деп тапты, – деп жазды ол.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық № 2 Сот шешімімен Т.Шақырғановқа қатысты Қылмыстық іс қозғалып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Аталған азамат Е.Қанапияновты абайсызда өлтіріп алу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106 бабы 3 бөлігіне сәйкес кінәлі деп табылды.  Сот қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп шықты. анасы З.Шақырғанов баласына бостандық берілуін талап етуде. 

Бірақ сот анықтағандай, Т.Шақырғанов алкогольдік ішімдікті пайдаланып, оқыс жағдайда қайтыс болған азаматты ұрып-соққан. Нәтижесінде ол көп мөлшерде қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған. Т.Шақырғанов кінәсі толық мойындалды. Ақтап алуға еш негіз жоқ. Мұндай жағдайлардан кейін З.Шақырғанованың әділдік сұрауы, баласын ақтап алу туралы талабы дұрыс па?, – деп жазды Елдос Жұмақсанов. 

Жоғарғы сот аппараты басшысының орынбасарының айтуынша, 2020-2021 жылдары Шақырғанов Жоғарғы сотқа 13 рет шағымданған. Оны кеңесшілер қабылдаған. Ал 2021 Жоғарғы Сот төрағасының қабылдауында болды. Бірақ сот төрелігі шешімін өзгерте қоймаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Жоғары сот аппараты басшысының орынбасары Елдос Жұмақсановтың митинг өткізушілер туралы айтқан пікірін жариялаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы