Жоғарғы сот Президент тапсырмасын орындамай отыр - мәжілісмен

9 Қараша 2022, 14:22
1441
Бөлісу:
Жоғарғы сот Президент тапсырмасын орындамай отыр - мәжілісмен

Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен әділдік іздеп, Астанаға көптеген азамат келіп жатады. Олар Үкімет ғимаратының айналасына пикет ұйымдастырып Жоғарғы соттың өкілдерімен кездесуді талап етіп, бірнеше рет Парламентке де келді. Енді бір қызығы бұл адамдарды Президент әкімшілігі, Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Үкімет мүшелері қабылдайды. Бірақ Жоғарғы сотқа келгенде, оларды ешкім қабылдамайды. Жоғарғы соттың тек аппарат қызметкерлері ғимараттан шығып, олармен кездесу өткізеді, – деді депутат.

 Айтуынша, әділдік іздегендер өздеріне қол жұмсап жатыр. 

Жоғарғы сот президенттің тапсырмасын орындамай отыр. Мұндай жағдай Астанада да, өңірлерде де осындай мәселелер болып жатыр. Неге? Себебі, соттар 2016 жылы съезде кодекс қабылдап, процессуалдық емес контакт болмасын деп өздерін әдейі шектеп тастаған. Сот жүйесі жабық мекемеге айналып кеткен. Президент «Үкімет ашық болуы керек, биліктегі адамдар халықпен жұмыс істеп, оларды естуі керек» деді. Ал сіздерден мұны көріп отырған жоқпыз. Сондықтан біз мәселені жергілікті жерде реттеуіміз керек, не сіздер  келген халықпен дұрыс кездесуіңіз керек, - деді Еділ Жаңбыршин. 

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов бұл пікірмен келіспейтінін айтты. 

Қателесіп отырсыз. Сіз айтқан мәселе кодекспен реттелмейді. Бұл Конституциялық заңмен реттеледі. Ата заңға сәйкес соттар сотқа қатысушылармен тек процессуалдық жағдайда кездесуі керек. Сондықтан істерді қабылдауға тыйым салынған. Әрине, мұндай тәжірибе болды. Бұл дұрыс емес. Бүгін біз бұл мәселені қарап, шешім қабылдадық. Оларды қабылдау процессуалдық контакт болып саналады. Ол – заңға қайшы. Өйткені сотта екі тарап бар. Бір жағын қабылдасақ, екінші жақ риза болмайды. Сондай жағдай болып жатыр. Сондықтан құқықтық мемлекетпіз, заң шеңберінде жұмыс істеуіміз шарт. Осыған байланысты адамдарды қабылдауға болмайды, – деді Жоғарғы сот өкілі.

Өзгелердің жаңалығы