Жоғарғы Сот Бишімбаев ісі бойынша сот процесін жариялау тәртібін түсіндірді

27 Наурыз 2024, 11:58
1540
Бөлісу:
Жоғарғы Сот Бишімбаев ісі бойынша сот процесін жариялау тәртібін түсіндірді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас “Ақпаратты жариялау және Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне БАҚ-тың қатысу тәртібі туралы” мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Достар, жаңа ғана Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталды, - деді ол.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.

Осыған орай, кеше алқабилер алқасына іріктеу тәртібі түсіндірілді. Қазақстан Республикасының соты ең алдымен істерді заңдылық, заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі, тараптардың теңдігі және ашықтық қағидаттарын сақтауға бағытталғанын атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, - деп айтты Перизат Сәдуақас.

Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады.

Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды, - деп жазды ол.

Ол ақпаратты жариялау және БАҚ-тың процеске қатысу тәртібін түсіндірді.

Ақпаратты жариялау алгоритмі мынадай:

- Алқабилерді іріктеуден кейін бірден Жоғарғы Соттың ресми аккаунттарында алқабилерді іріктеу нәтижелері туралы БАҚ-тың қатысуымен ашық режимде келесі сот отырысының күні мен уақыты көрсетілген баспасөз хабарламасы жарияланады;

- Баспасөз хабарламасынан кейін осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясына сілтемесі бар баспасөз-анонсы жарияланады;

- Барлық қызығушылық танытқандар және БАҚ өкілдері процестің барысын бақылай алады.

- Төмендегілерге назар аударуды сұраймыз:

- Сот залының сыйымдылығын ескере отырып, оған тек 10-15 камера оператормен ғана кіре алады, бірақ журналистерсіз (келісім бойынша, кезекпен ауысу тәртібі);

- Журналистер үшін онлайн-трансляциясы бар арнайы зал дайындалды (6 қабат, 50 орындық);

Тыйым салынады:

- Алқабилер алқасын ықтимал қысымдардан қорғау, соның ішінде олардың жеке басын анықтауға жол бермеу үшін алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге жол берілмейді;

- Залда жүруге, процесс аяқталғанша залдан шығуға, шу шығаруға, сөйлесуге (бір-бірімен, телефонмен), процеске қатысушылардың назарын бөлуге болмайды!

- Бұл процестің барысы туралы барлық ақпарат ЖС-тың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел түрде орналастырылады.

- Жоғарғы Соттың https://t.me/Jogargy_sot Telegram арнасына жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі Жоғарғы Соттың ресми аккаунттарындағы хабарламаларды бақылап отырыңыз.

26 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтетінін хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы