Жоғалған туристердің бірінің сөмкесі Өгем өзенінің бойынан табылды

1 Маусым 2021, 17:10
1896
Бөлісу:
Жоғалған туристердің бірінің сөмкесі Өгем өзенінің бойынан табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің біріне тиесілі сөмке табылды. Бүл туралы Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өгем өзенінің бойынан жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды. ТЖМ құтқарушылары табылған сөмкені полиция қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр, - делінген хабарламада.

Аймаққа «Қазавиақұтқару» АҚ 2 тікұшағымен  аэровизуалды барлау жасалуда. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінен, Полиция департаментінен,  ҰҚК Шекара қызметінен, Орман шаруашылығынан, Өзбекстан Республикасы ТЖМ жеке құрамынан 73 маман, 12 техника және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист аман табылса, екеуінің денесі табылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы