Мамин LRT жайлы: Жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенеміз

30 Шілде 2019, 11:32
2266
Бөлісу:
Мамин LRT жайлы: Жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенеміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин LRT жобасы елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

"Әкімнің баяндамасынан осы жобаның елордаға қажет екенін көріп отырмыз. Жоба түбегейлі қайтадан қарастырылып, ол бойынша оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпараты бойынша, жобаны іске асыру барысында және кредит берілген мерзімде жобаның құны 1 млрд 200 млн АҚШ долларына үнемделеді. Осы кезеңде бірқатар атқарылған жұмыстар нәтижесінде, Астана банкіне аударылған 258 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражат Нұр-Сұлтан әкімдігіне жобаны одан әрі жүзеге асыруға қайтарылады", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы бұл жоба елорданың қоғамдық көлігін дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы бойынша қанша қаржы үнемделетінін айтқан еді.

Сонымен қатар, елорда басшысы LRT келесі жылдың соңына дейін пайдалануға берілетінін хабарлаған болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы