Қостанайдың Жітіқара ауданында карантин режимі енгізіледі

15 Сәуір 2020, 17:01
1238
Бөлісу:
Қостанайдың Жітіқара ауданында карантин режимі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы Жітіқара ауданның аумағында 2020 жылғы 16 сәуірде сағат 00.00 бастап карантин енгізіледі. 

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жітіқара ауданының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруымен эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қостанай облысының аумағында КВИ әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В. Нечитайло №10 қаулыны шығарды, - делінген хабарламада.
Бұған дейін бүгін Қостанай облысында 1945 жылы дүниеге келген бір науқас коронавирустан қайтыс болғаны хабарланды.

Кейіннен Жітіқара ауданында қайтыс болған азаматтың өздігінен ем алғаны да белгілі болды.

Айта кетейік, жұқпалы індеттен елімізде жалпы 15 адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы