Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, инвестиция тарту және бизнеске қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді.
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетті. ЖІӨ 4,1%-ға ұлғайса, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,5 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 21,4%-ға өсіп, жалпы инвестициялық өсімнен жоғары қарқын көрсетті.
Экономикалық өсімге нақты сектордың дамуы, өндірістің әртараптандырылуы және көлік-транзиттік әлеуеттің артуы ықпал етті. Құрылыс (+15,2%), өңдеу өнеркәсібі (+9,8%), көлік (+7,1%), сауда (+5,7%) және ауыл шаруашылығы (+4,4%) оң нәтижелер көрсетті.
Сонымен қатар Үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейтті. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері үш есеге қысқарып, бизнеске қойылатын әкімшілік талаптар азайтылды. «Өрлеу», «Іскер аймақ» бағдарламалары мен «Даму» қорының жаңа кепілдік құралдары арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру ұсынылуда.
Инвестициялық ахуалды жақсарту бағытындағы реформалардың нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа өндірістерге арналған (greenfield) жобалардың 89%-ын тартты. Былтыр бұл бағыттағы инвестиция көлемі 19 млрд долларды құрады.
Бұдан бөлек, жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне еніп, нақты секторды қолдау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер енгізілді.
Үкіметтің мәліметінше, қабылданып жатқан реформалар экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге бағытталған.