«Жерлеу концерті» тоқтатылды: Астанадағы жертөледен 65 адам шығарылды

Олардың 28-і - кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

14 Шілде 2026, 15:12
АВТОР
 видеодан скриншот 14 Шілде 2026, 15:12
14 Шілде 2026, 15:12
110
Фото: видеодан скриншот

Астанада тұрғындардың шағымынан кейін көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде заңсыз ұйымдастырылған бейресми музыкалық іс-шара тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, «похоронный концерт» деп аталған іс-шара жергілікті атқарушы органдармен келісілмей өткізілген.

Тексеру барысында тар жертөледе 65 адамның болғаны анықталды. Олардың 28-і - кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, концерт кезінде қатысушылар мошпит жасап, бір-бірін итеріп, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Сонымен қатар іс-шара өткен орында алкоголь өнімдерінің сатылғаны белгілі болды.

Полиция барлық қатысушыны бөлімшеге жеткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Заңсыз іс-шараны ұйымдастырған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай іс-шаралардың қауіпсіздік талаптарын сақтамай өткізілуі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды көпшілік іс-шараларға қатысар алдында оның заңды түрде ұйымдастырылғанына және қауіпсіздік талаптарының сақталғанына назар аударуға шақырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Наверх