Қазақстанның нақты жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2026 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша 4,1%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономика өсімі 4,1%-ды құрады. Бұл қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа жоғары. Оң динамика нақты сектордағы өсім қарқынының қаңтар-мамырдағы 4%-дан қаңтар-маусым қорытындысында 5,1%-ға дейін артуының арқасында қамтамасыз етілді, – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы ең алдымен нақты сектордағы өсімнің жеделдеуімен байланысты. Экономиканың негізгі қозғаушы күші бұрынғыдай мұнайға қатысы жоқ сектор болып отыр. Биыл бұл сектордың өсім қарқыны тұрақты түрде 5%-дан жоғары деңгейде сақталған.
World Impact Media Organization ұйымының бағалауынша, инвестициялардың артуы мен өнеркәсіптің дамуы нәтижесінде Қазақстан экономикасының шикізат секторына тәуелділігі біртіндеп азайып келеді.