Жігіттер жаппай әскерге аттанады

5 Наурыз 2024, 15:29
38290
Бөлісу:
Жігіттер жаппай әскерге аттанады
Фото: Арман Мухатов - архив

Әскери қызметке көктемгі шақыру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1 наурыздан бастап қалалық және аудандық әскери шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. 

Бұл туралы Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков мәлімдеді.

2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына кейінгі қалдырылған немесе босатуға негіз жоқ 18 жас пен 27 жас аралығындағы 20 мыңнан астам ер адам шақырылатын болады. Оның ішінде Қарулы күштерге – 9 мың, Ұлттық ұланға – 6 мың, Шекара қызметіне -3 мың, төтенше жағдай министрлігіне – 300, мемлекеттік күзет қызметіне -300 адам жіберіледі, - деді Айдын Айтбайұлы.

Сондай-ақ Астана қаласынан мыңнан астам жігіт әскерге жіберіледі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы