Жібек Құламбаева – Франциядағы турнирдің жеңімпазы

22 Қазан 2023, 23:35
518
Бөлісу:
Жібек Құламбаева – Франциядағы турнирдің жеңімпазы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка финалда франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.

Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.

Өзгелердің жаңалығы