Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды

16 Сәуір 2024, 20:23
319
Бөлісу:
Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды
PHOTO
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлттық жоба аясында басталған 300 орындық заманауи мектеп қолданысқа биыл берілуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, осылайша Қабанбай батыр шағынауданының 200-ден астам оқушысы қала мектептеріне қатынауға мәжбүр болмайды. 

 

Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапары аясында білім ошағында жылу мәселесі орын алмайтыны да айтылды. Себебі нысанға жеке модульді қазандық салынады.

Ғимарат 5 блоктан тұрады. Білім ошағында 25 орындық даярлық тобына орын қарастырылған. Айналасында спорт, футбол, work out, іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар орналасады.

Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды

Өңір басшысы жобаның тұрақты қадағалауда екенін жеткізіп, мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.

Мектеп құрылысы тамыз айында аяқталуы қажет. Ішкі жабдығы мен сыртқы абаттандыру жұмыстары сапалы болсын,-деді Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды

Қазіргі уақытта құрылыс басындағы топ жеделдік үшін екі ауысымға көшуді жоспарлап отыр.

Жезқазғанда жайлы мектеп құрылысы қарқын алды
Өзгелердің жаңалығы