Жезқазғанда кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды

Басқосу барысында қатысушыларға «Жезқанат», «Бір өлке – бір кітап», «Оқитын өлке», «Оқырман ұрпақ» және «Шырақ» жобалары таныстырылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 25 Қараша 2026, 23:55
25 Қараша 2026, 23:55
55
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Кітап оқитын ұлт – рухани жаңғырудың тірегі» атты жиын өтті. Басқосуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ 2027-2031 жылдары баспа ісі мен кітапхана саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға өңір ардагерлері, кітапханашылар, мәдениет және білім беру саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова «Оқитын ұлтты қалыптастыру: басым бағыттар мен іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол кітапхана саласын дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, жаңа кітапханалар ашу, кітап қорын толықтыру, оқырман қызығушылығын арттыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін атап өтті.

Сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» бастамасының, Ұлттық цифрлық кітапхананың, республикалық марафонның және «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы маңызы сөз болды.

Басқосу барысында қатысушыларға «Жезқанат», «Бір өлке – бір кітап», «Оқитын өлке», «Оқырман ұрпақ» және «Шырақ» жобалары таныстырылды. Аталған бастамалар өңірде кітап оқу дәстүрін кеңінен насихаттауға және оқырман қауымның қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Наверх