ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

24 Қараша 2026, 12:35
АВТОР
 ҚТЖ 24 Қараша 2026, 12:35
24 Қараша 2026, 12:35
267
Фото: ҚТЖ

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2025 жылы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды.

2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды.

Наверх