Алматыда танысын өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған күдікті ұсталды

24 Қараша 2026, 19:13
АВТОР
 видеодан скриншот 24 Қараша 2026, 19:13
24 Қараша 2026, 19:13
159
Фото: видеодан скриншот

Медеу ауданында бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап өлтірген ер адам қылмысын жасыруға тырысқан. Тіпті марқұмның денесін үйінің жертөлесіне апарып тастаған. Полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға жеке тұрғын үйде болған. Ішімдік ішіп отырған екі ер адамның арасында жанжал туындап, арты қайғылы жағдаймен аяқталған. Үй иесі, 50 жастағы ер адам 45 жастағы танысына пышақ сұғып, ауыр жарақат салған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Осыдан кейін күдікті қылмысын жасыруға әрекеттеніп, марқұмның денесін үйдің жертөлесіне апарып жасырған. Бірақ қылмыс орнындағы іздерді жасыра алмады. Жедел іздестіру шаралары кезінде «Буран-609» патрульдік экипажының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан қылмыс құралы тәркіленді, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Шымкентте жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтірген әйелге үкім шықты

Балқаштағы кісі өлімімен аяқталған төбелес: Үш адам сотталды

Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты іс сотқа жолданды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх