Жезқазғанда бүлдіршін ойын алаңындағы темір торға қысылып қалды

ТЖМ қызметкерлері қыз баланы металл тұзақтан құтқарып алды.

Бүгiн 2026, 20:02
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 20:02
Бүгiн 2026, 20:02
111
Фото: видеодан скриншот

Жезқазғанда бүлдіршін аулада ойнап жүріп, ойын алаңындағы темір торға қысылып қалған.

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ойын кезінде 2021 жылы туған қыз бала аяғын әткеншектің металл құрылымына қыстырып алған. Ол өздігінен шыға алмаған. Оқиға куәгерлері дереу құтқарушылардан көмек сұрады.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Жағдайды бағалағаннан кейін құтқарушылар авариялық-құтқару құралдарының көмегімен металл бөлшектерді абайлап ажыратып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, баланың аяғын босатып алды. Көмек қысқа уақыт ішінде көрсетілді. Қыз балаға медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстаудағы қайғылы жағдай болып, 12 жастағы бала әткеншекте көз жұмды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Балалардың әткеншегіне отырған келіншек көмек сұрады

Наверх