Жезқазған дүкендеріне қант шектен тыс жоғары бағада жеткізіліп отырған

14 Сәуір 2023, 17:03
773
Бөлісу:
Жезқазған дүкендеріне қант шектен тыс жоғары бағада жеткізіліп отырған
Фото: inbusiness.kz

ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті бұл іске араласқаннан кейін қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жезқазған қаласындағы супермаркеттер желісіне «Төлеуов» жеке кәсіпкерлігі қантты жеткізуде делдалдардың бары анықталды.

Кәсіпкер қанттың 1 келісін 438 теңгеден жеткізген. Ай сайынғы сату көлемі 65 тоннаға дейін жеткен. Аталған жеке кәсіпкермен комиссия жұмысының нәтижесінде көрсетілген супермаркеттер желісіне қантты делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісім жасалып, қанттың өзіндік құны 8% арзандап, 403 теңгені құрады. Осылайша, Жезқазған тұрғындары ай сайын 2,2 миллион теңгені үнемдейтін болады, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар облыста «Амина» ЖК тауық етін 15 пайыздан астам тауарлық үстемемен сату фактісі анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, баға 10%-ға, 1 кг үшін 1220 теңгеден 1098 теңгеге дейін төмендетілді.

Өзгелердің жаңалығы