Жезқазғанда жүк пойыздары соқтығысты

24 Наурыз 2021, 19:20
1115
Бөлісу:
Жезқазғанда жүк пойыздары соқтығысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласының Комбинатская станциясында екі жүк пойызы соқтығысты. 

ҚазАқпарат хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға 23 наурыз сағат 11.15-те Комбинатская станциясында болған екен.

«Tranco JEZZ» ЖШС-де (Транко Жез), Комбинатская станциясында келіп жеткен жүк тиелген 17 думпкар мен Комбинатская станциясында тұрған жүк тиелген 20 думпкар пойызы соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталуда, - делінген Жезқазған қалалық ТЖБ хабарламасында.

Белгілі болғандай, тепловоздардың бірінде тежегіште ақау пайда болған.

Желіде осы оқыс оқиғаға қатысты видео таралды. Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылған.


Өзгелердің жаңалығы