Жезқазғанда банк қызметкері 29 миллионды қолды қылған

6 Сәуір 2021, 20:21
1915
Бөлісу:
Жезқазғанда банк қызметкері 29 миллионды қолды қылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының полицейлері банктегі жұмыс орнынан ақша ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпанда Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінің 25 жастағы кассирі ақшаны жымқырды деген хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын 29 млн теңгені құрады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады, - делінген хабарламада. 

Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады.

Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне толықтай жұмсап жібергені туралы айтқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы