Жетісулықтарға орманға баруға тыйым салынды

13 Маусым 2023, 23:21
927
Бөлісу:
Жетісулықтарға орманға баруға тыйым салынды

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 1 қарашаға дейін жергілікті тұрғындардың орманға баруына дейін тыйым салу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі жоғарғы кезеңде (жыл сайын 1 сәуір мен 1 қарашаға дейін) ормандарда жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін. Қаулының орындалуын бақылау «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін», - делінген облыс басшысы қол қойған құжатта.

Тыйым салуға бағытталған қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өтіп барып, 23 маусымда күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы