Жетісудағы жол апатынан 35 жастағы жолаушы көз жұмды

7 Қараша 2023, 10:30
465
Бөлісу:
Жетісудағы жол апатынан 35 жастағы жолаушы көз жұмды
Фото: polisia.kz

Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек-Көктал автожолының 93 шақырымында болды. 

21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы