Жетісуда жол-көлік оқиғасы 48 пайызға өскен

19 Қыркүйек 2024, 18:18
503
Бөлісу:
Жетісуда жол-көлік оқиғасы 48 пайызға өскен
PHOTO
Фото: автордан

Облыстық полиция департаменті жол ережесін сақтамайтын жүргізушілердің көбейгенін айтып отыр. Бүгінде жүзге жуық адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

700-ге жуық адам жарақат алған

Тәртіп сақшылары қанша жерден ескерткенімен асыққан жүргізушілер талапқа сай әрекет етпегендіктен оқыс оқиғалар жиі орын алады. Оның үстіне жазда Аалакөл демалыс аймағына жол тартқан туристердің көбейгені белгілі. Сол маусымда да жол-көлік оқиғасы жиілеген. Ұзақ жолда қалғып кеткен жүргізушілер мен көлікті мас күйінде тізгіндеген демалушылардың саны артқан. Олардың алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен тәртіпке бағынбаған саяхатшылардың қатары азаяр емес.

Облыстық полиция департамент қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 8 айында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыс жолдарындағы апаттылықты төмендету бойынша белгілі бірқатар жұмыстар жүргізілді. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан облыс көлемінде жалы саны 48,4 пайызға, яки 314-тен 466-ға дейін өскен, онда жарақат алғандар 45,6 пайызға артқан. Олардың саны 469-ды құрап отыр. Ал қаза тапқандардың саны 6,5 пайызға төмендеті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (93-тен 87-ге дейін түскен. Дегенмен қайғылы оқиғалар азаяр емес. Жүргізушілерге барынша жолдағы ережені, жол белгілердің мұқият қадағалап жүруді сұраймыз. Себебі адам өмірі қашанда маңызды, - дейді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда 69 ЖКО тіркелген. Өткен жылы дәл осындай 94 жағдай орын алған екен. Онда қаза тапқандар саны 38 адамды құраған. Бірнеше адам ауыр және жеңіл жарақат алған. Ал жергілікті маңызы бар жолдарда есепті кезеңде 377 ЖКО тіркеліп отыр. Былтыр 220 болған еді, 33 адам қайтыс болған, 512 адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, жолдағы апат саны әлі бақылауды қажет етеді. Бүгінде жолға түрлі бақылау камераларын орнатқанымен ешқандай нәтиже беріп жатқан жоқ. Асыққан жұрт, аптыққан жүргізуші оқыс оқиғалардан айналып кете алған жоқ.

Жетісуда жол-көлік оқиғасы 48 пайызға өскен

Апат айтып келмейді деп айтамыз, кейде жүргізуші өзіне өте сенімді болады. Бірақ аяқ астынан түрлі жағдайларын туындауы мүмкін. Сен ережені бұзбағанымен, сол жолда келе жатқан өзге жүргізуші артық қимыл жасаймын деп қасындағы автокөлікке соқтығысу мүмкін. Әрине темір тұлпар жасалар, бірақ адамның өмірі жасалмайды. Қаншама адам жол үстіне жүріп кетіп жатыр. Қаншама жастар үйіне оралмай жатыр. Көңіл құлазиды. Мәселен Талдықорға ішінде «Яндекс» жүргізушілер жолаушы бреген тапсырысты тез орындаймын деп жиі шалт қимылдайды. Осылайша ережені бұзады. Әйтпесе қала анау айтқандай кептеліс жоқ, - дейді қала тұрғыны, зейнеткер Қалдыбек Тынысбаев.

81377 рет жол ережесі бұзылған

Әрине, бұл көрсеткішке қарап көңіл түседі. Кінәні кімге жабарыңызды білмейсіз. Республикалық, тіпті облыстық маңызы бар жолдар бұрынғыдай емес, жаңара да жақсара түскен. Ал жаңа жол болған соң көлік иелері қалағанша жылдамдық қосып жүреді. Өкініштісі сол, сол себепті жол-көлік оқиғасы жиі болып тұрады. Бұл да бір себеп. Қараңызшы, жол қауіпсіздігі желісі бойынша 80 мыңнан әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 66940-ты құраған болатын. Биыл 21,6% артып отыр.

Жол-көлік оқиғасын алдын алу шараларының бірі жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау болып табылады.Осы мақсатта жол қауіпсіздігі желісі бойынша 81377 құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қарсы қозғалыс жолағына шығу 49 дерегі анықталды. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша жазаланады. Өткен жылы дәл осындай 42 жағдай орын алған еді. Ал жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермеудің (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) 650 дерегі анықталған. Былтыр 560 жағдай болған. Ең сорақысы мас күйінде көлік құралды басқарудың (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 390 дерегі белгілі болды. Өткен жылы 353 болған еді. Жаяу жүргіншілермен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша) 8777 дерек тіркелді. Былтыр да осы меже де болған еді, - дейді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қ.Мұхметов.

Жетісуда жол-көлік оқиғасы 48 пайызға өскен

Жалпы биыл өңір аумағында126 жаяу жүргіншіні қағу дерегі орын алды, онда 14 адам қаза тауып, 120 адам жараланған. Өткен жылы естеріңізде болса, 93 адамды көлік қағып, 18 қайтыс болған еді, 81 түрлі дене жарақатын алған болатын. Бүгінде өліммен аяқталған 85 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Былтыр осы кезеңде 70 болса, онда 87 адам қаза тапқан еді. Көлік иесі өзінің өміріне балта шауып қана қоймай, көлікте отырған жолаушылардың да тағдырын талған етеді. Сондықтан олда барынша жай, ережеге сай, жылдамдықты аса асырмай жүрген абзал. Мамандар, әр адамның өмірі өз қолында екенін айтады.

Бүгінде өңірдегі апаттың жай-күйін тұрақтандыру мақсатында 2024 жылдың басынан Жетісу облысы аумағында жалпы 10 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, 11 – 15 қаңтар «Тасымалдаушы», 22 – 25 қаңтар «Автобус», 05 – 29 ақпан «Қауіпсіз жол», 3 кезең, яғни 15 - 17 наурыз, 26 – 28 тамыз және 2–6 қыркүйек «Құқықтық тәртіп», 10 мен 16 маусым «Автобус», 09 - 12 шілде «Қауіпсіз жол», 12 – 14 қыркүйек «Түнгі жол», 22 шілдеден ерекше өкімге дейін «Мотоцикл» сияқты түрлі рэйдтер мен акциялар, профилактикалық ісшаралар жүрді. Облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күнделікті кешенді полиция күштері жұмылдырылады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін Республикалық маңызы бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды, - дейді Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында, қазіргі уақытта 3 қызметтік автокөлікке «Ekin Patrol» автоматты тіркеу жүйесіне қосылған жылдамдықты өлшегіш құралы орнатылған. Аталған автокөліктер Талдықорған қаласында және «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолда ағымдағы жылғы тамыз айының 24-не дейін штаттық режимде жұмыс істеген.

Талдықорғанның ішкі жолдары өте нашар, тиісінше жол-көлік оқиғалары жиі болады. Сосын сырттан келіп «Яндекс такси» қызметіне жүгінетіндер бар. Олардың дені жүргізуші куәлігін жаңадан алған студенттер мен жас балалар. Әкесінің не болмаса ағасының көлігін сұрап, алып, жүргізуші болып жұмыс істейді. Содан қызық қуып қала ішінде қатты айдайды. Осыны ескеру керек. Әйтпесе қала ішінде жылдамдықтан 60-тан асруға болмайды. Бұрыш-бұрыштың бәрі камера толы. Қазір бақылау камералары жүргізуші аямайды. Ереже бұзған бетте телефонына айыппұл келіп тұрады. Меніңше әр жүргізушінің ішкі мәдениетн қалыптастыру керек, -дейді ардагер көлік жүргізушісі Еділ Байрақбаев.

253 млн 178 мың 900 теңге айыппұл салынған

Айыппұлдың көлеміне қарасаңыз жүргізушіден бай адам жоқ секілді. Мұнша қарызға бататындай ережені сақтамай еркін жүре беретін көлік иелерінің қалтасы қалың шығар деген ой келеді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де ағымдағы жылы аталған кешендермен белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592 бабымен көзделген 11555 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Осылайша құқық бұзушыларға жалпы соммасы 253 млн 178 мың 900 теңге айыппұл салынады. Бүгінде оның 220 млн. 933 мың 991 теңгесі өндірілген. Қалғаны соттың қарамағында және кешіктіріліп төленеді.

Өз тарапымыздан, Республикалық автожолдарда қызмет атқаратын Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күнделікті сағат 03:30-дан 06:00 аралығында алыс жол жүріп келе жатқан автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, таңғы тәтті ұйқы уақытында ұйықтап қалмас үшін қай жерде тоқтап демалып алуға болатынын, жол ережесін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратады. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілермен жұмыс күшейтілуде.Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды ескерту мақсатында жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағына «Жаяу жүргінші! Өткелдің қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, баланың қолынан ұстаңыз, құлаққапты шешіңіз» деген жазулар басылды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Біз өңірдің тұрғындары мен қонақтарынан жолға шыққанда жол жүрісіне қатысушымыз, сондақтан жолда жүргенде абай болып, өзіңіздің және басқалардың өміріне қауіп төндірмей жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұраймыз, -дейді аталған департамент басшысы.

Жетісуда жол-көлік оқиғасы 48 пайызға өскен

Айта кетейік, Жетісу облысының аумағындағы жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары 8 140,183 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1036 шақырым республикалық және халықаралық маңыздағы жолдар саналады. Ал 2 797,559 шақырым облыстық маңыздағы жолдар болса, 195,633 шақырым аудандық жолдар және 4 110, 990 шақырым елді мекендер жолдарын құрайды.

Қазір жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті. Дегенмен 18 жастағы ет мен терінің арасындағы желігі басылмаған жастарға көлік әперіп, еркіне қоятын ата-аналар көбейді. Олар көп дүниенің қадірін білмейді. Талай адамның обалына қалады. Сондықтан мемлекет тарапынан жүргізуші куәлігінің жас мөлшерін ұлғайту қажет. Осыны ойлаған абзал. Әйтпесе жастар көбіне көлікті дұрыс тізгіндей алмайды. Бүгінде сатып алғандар да көп. Олар ешқандай емтихан тапсырмаған. Осыны ел депутаттары көтерсе дұрыс болар еді, - дейді қала тұрғыны, заңгер Талғат Ыдырысов.

Иә, өкінішке қарай Жетісуда жол-көлік оқиғасы жылдан жылға көбейіп келе жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы