Жетісуда тұмау өршіп тұр

16 Қыркүйек 2024, 14:02
287
Бөлісу:
Жетісуда тұмау өршіп тұр
Фото: автордан

Бүгінде өңір дәрігерлері 200-ге жуық адамнан тұмау жұқпасын анықтаған. Алдағы уақытта бұдан да көп болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күз келе жұқпалы аурулар өрши түседі. Ыстықтан бірден суыққа ауысқан дене табиғатқа біраз бой үйрете алмай жүреді. Сондықтан адамдар түрлі сырқаттарды жұқтыруы ықтимал. Мәселен осы уақытта ел ішінде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршіп тұр. Жетісу өңірі де сол қатарда.

Былтыр жалпы алғанда эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген еді. Оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы белгілі болды. Алдыңғы жылы осы уақытпен салыстырғанда эпидкезеңде 336 науқастан инвекция анықталған болатын. Қазір облыстық, аудандық аурухана қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы айда тұмауға қарсы вакцина салу науқаны басталады. Әрбір тұрғын маңызды дүниеге бейқам қарамауы қажет. Әсіресе балалардың денсаулығы үшін ата-аналар барыншы бізбен бірлесе жұмыс істеуі керек. Әрбір тұрғынның ем алғаны маңызды, - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Оның айтуынша, тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді әдісі тұрғындарды толықтай иммундаумен қамту. Бүгінде соған сай жұмыстар жүйелі түрде істеліп жатыр.

Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен вакцинациялау үдерісіне 82 500 доза сатып алынған. Эпидмаусымда тұмауға қарсы Ресей Федерациясында арнайы өңдірілген «Гриппол плюс» вакцинасымен иммундау жүйесі жүргізіледі. Аталған вакцина он жылдан бері республика бойынша барлық жерде қолданылып келеді.

Жалпы, иммундау қызметі жеке тұлғаны тексеріп, барып жүргізіледі. Дәрігердің рұқсатынсыз екпе алуға болмайды.

 

Өзгелердің жаңалығы