Жетісуда тау арасында тиктокер жоғалып кетті

8 Маусым 2023, 11:53
826
Бөлісу:
Жетісуда тау арасында тиктокер жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының тауларында хабар-ошарсыз кеткен тиктокер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шәй беріп, дәм ауыз тигізген. 

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр. Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған. Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112, - делінген ІІМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы