Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

22 Шілде 2024, 16:43
421
Бөлісу:
Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

Өңірде орталықтандырылған су желісіне қосылмаған елді мекендер аз емес. Биыл соның 20-сы таза суға қол жеткізеді. Кезекте әлі ондаған ауыл тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұрынғыдай өзен суы ішуге жарамайды

Жалпы Жетісуда 50-ден астам ірілі-ұсақты су айдындары бар. Оның төртеуі көл, он бесі өзен, сегіз су қоймасы, қалғаны тоғандарға жатады. Осы су қайнарларын тұтынып отырған халықтар сапалы суға жете аламай отырғанын айтуда. Бірақ сол өзендердің дені ішуге жарамайды. Жарағанның өзінді адамның организміне зиян келтіруі мүмкін. Мұны экологтар осыған дейін айтақ болатын. Сондықтан облыстағы барлық ауылдарды толықтай ауызсумен қамту жұмысы қолға алынған. Текелі қаласы мен Сарыөзек ауылының жайы көпке мәлім. Көбіне осы екі тақырып таза су мәселесіне келгенде жанармайы таусылған көліктің күйін кешеді. Не жөнделіп бітпейді, не таза суға толықтай қосылмайды. 

Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

Жетісуда су мәселесі алдағы он жылда үлкен тақырыпқа айналады. Себебі егіс көлімімен қатар қала ішінде аудандар көбейіп жатыр. Мұның бәрі ауызсуға келіп тіреледі. Ал су үнемдеу үдерісі жолға қойылмағандықтан таза судан таршылық көре береміз. Әрбір адам өзі суды барынша үнеммен пайдаланса ғана мәселені алды алынуы мүмкін. Бірақ әлемдегі өзгеріс, климаттық толқыныстардың бәрі осы ауызсудың азаюына әкеле жатыр. Бұрынғыдай халық көл мен өзеннің суын іше алмайды. Себебі судың құрамы өзгерген. Қазір судың құрамы H2O емес, мүлде басқа. Таза су табу күрделі мәселеге айналады, - дейді эколог Жанна Тілемісова.

Қазір әлемдік мамандардың өзін су үнемдеу ісі алаңдатып отыр. Табиғи айналым заңдылықтары бұзылуына байланысты болашақта таза су тапшылығы тууы мүмкін. 

Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

Мәселен, биыл облыста 20 елді мекенде ішер судың сапасын жақсарту жұмыстары жолға қойылмақ. Былтыр осы орайда өңірді сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 25 жоба қолға алынған еді. Соның ішінде екі ауыл орталықтандырылған сумен қаматасыз етілген. Алыстағы 9 ауылдың 114 шақырым сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. Ал осы жылы былтырдан кем түспей, тағыда жаңа жобалар іске аспақ.

Ауыл-ауылдарда халықтың тұтынатын ауыз суы күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Біз жыл сайын жаңа жобалардың нәтижесінде жиырмадан астам елді мекенді таза сумен қамтып келеміз. Биыл осы ретте 22 жоба қолға алынды. Өздеріңіз көріп отырғандай 2 елді мекен орталықтандырылған су желесіне қосылса, қалған ауыл тұрғындары түгелдей сапалы су іше алады. Келер жылы да осындай мақсат қойып отырмыз. Тағы да ондаған шалғайдағы ауылдарды қамтимыз, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Кезек күткен ауылдар көп

Әуелі Қаратал ауданын мысалға алып қарайықшы. Ауыз сумен жабдықтау, бойынша аудандағы 35 елді мекенінің 33 – і, яки 94,3% орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Ал қалғаны ауыз суды өзен көлдерден не құдықтан тартып ішіп отыр. Оның ішінде болашағы жоқ деп саналған Ұмтыл ауылы да бар. Ондағы халық саны 29 адамды құрайды. Дегенмен бұл жақтағы ағайында сапалы су ішкісі келеді. Мемлекет тұрғын санының аздығына байланысты орталықтандырылған су желісіне қосуға құлықсыз.

Қаратал өзенін паналап отырмыз. Мал шаруашылығымен айналысқандықтан қалаға не үлкен ауылдарға көшіп баруға мүмкіндік жоқ. Жайылым жер таппаймыз. Балалар қала жағалап кетсе де қарашаңырақты қимайды екенсін. Ауыз су мәселесін әкімге айтқанбыз, бірақ болашағы жоқ ауыл ретінде бұл істің қиын екенін жеткізді. Қазір таза суды әр түрлі табиғи көздерден алып, тұтынып отырмыз, -дейді ауыл тұрғыны Асар Мәндібаев.

Аталған ауданда су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 306,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде қалаға қатысы бар 107,9 шақырым құбыр екен. Мәселен өткен жылы Тастөбе, Бесағаш, Бірлік ауылдарында 518,4 млн. теңгеге («Life Stroy Invest» ЖШС) сумен жабдықтау жүйелерін салу жобасы іске асырылған. Ауызсу желісінің ұзындығы 11,7 шақырым. Нәтижесінде 1065 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілген екен. Аудан басшысы Ұлан Досымбеков Ұмтыл мен Сарыбұлақ ауылы да таза суға қол жеткізетінін жетізді.

Ұмтыл ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жөніндегі жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды (04.09.2023 ж. №ОЭ-0037/23). Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлу үшін 2024 жылға Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Жобаның құны 308,6 млн. теңгені құрайды. Одан бөлек Сарыбұлақ ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жобасы бойынша мердігер «Көлсай Строй» жұмыстарды уақытында атқармаған үшін сотқа берілді. Нәтижесінде соттың қаулысымен жұмыстарды аяқтау міндетеліп, биылғы жылдың маусым айына жұмыстарды аяқтайды, - дейді Ұ.Досымбек.

Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

Оның айтуынша, ҚМЖ құны - 244 млн теңгені құрайды. 2023 жылы оған 162,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстың 80 пайызы ғана орындалған. Қалдық сомма 69 млн. теңге. Жалпы Сарыбұлақ ауылында 307 адам тұрады.Балпық ауылдық округі бойынша халық саны 2 мың 044 адам. Ұмтыл ауылында 3 көше ғана бар. 34 аула саны, 183 адам тұрады.

Біз осы ретте Елтай ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылына барған едік. 60-қа жуық тұрғын үйі бар шағын елді мекен таза суға қол жеткізіпті. Тұрғындар уақытында бітірмеген мердігерге өкпелі. Десе де енді сапалы су ішеді.

Жалпы өңірде 4 мың шақырымға су құбыры желісі бар. Орталықтандырылған сумен 325, орталықтандырылмаған сумен 26, тасымал сумен 7 елді мекен қамтамасыз етілген. Осы күні су желілерін салу және жабдықтау, одан бөлек күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 30-ға тарты жоба қолданыста. Оның 95 пайызы аяқталып қалды. Жыл аяғына дейін 430 шақырым желі салынады. Оның игілігін 2 ауыл көреді. Олар орталықтандырылған суға қосылады. 2025 жылы 331 елді мекен, яки жалпы ауылдың 93 пайызы орталықтандырылған сумен өмтамасыз етіледі, - дейді басқарма басшысы А.Бекетаев.

Сапалы суға сұраныс жоғары

Біз осы ретте Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылының жайына да үңілгенді жөн санадық. Қаншама жылдан бері ішер судан таршылық көріп келе жатқан сарыөзектіктер әлі де бұл мәселенің біржақты шешілгеніне күмәнмен қарайды. Ал аудан әкімі Қанат Есболатов ауыз су мәселесі толыққанды шешілетінін жеткізді.

Бюджеттің шығыс бөлігі 2024 жылдың 1 қаңтарына 9 млрд 681 млн теңгені құрап 99,9 пайызға игерілді. бекітілген бюджет 9 млрд 686 млн теңге. 10 ауылға көше жарығын орнатуға 697 млн теңге, 6 ауылға ауыз су құрылысы мен 19 ағымдағы жөндеу жұмысына 2 млрд 100 млн теңге, 10 ауылға көше жолдарына 1 млрд 586 млн теңге, 3 ауылға көпірлерге жөндеу жұмысына 68 млн теңге жұмсалды. Біз ауылдарға сапалы су беру мәселесін біртіндеп шешеміз, - деді Қ.Есболатов.

Облыс орталығында да ауызсу мен жабдықтау мәселесі өте өзекті. Неге десеңіз, қала көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Жаңа шағын аудандар іргесін қалағалы ауызсуға қажеттілік артып келеді. Бұл ретте 8-ші және 9-шы шағын аудандарының тұрғындары өтініш-арызын жолдап отыр. Мұнда ауызсу мен сарқынды суларды ағызатын кәріз жүйесі ретке келтірілмеген.

Қараңыз, қос ауданда 200-ден астам үй бар. Осы орайда 10 шақырымға жуық су құбыры мен кәріз желісі тартылатын болады. Бүгінде жобаның бестен бір бөлігі аяқталды. Су мен кәріз құбыры әр шақыңрақтың іргесіне дейін жеткізіледі. Алайда үй ішіне кіргізу мәселесі әр отбасының жеке қаржысына келіп тіреледі. Бұған жауапты мердігер компания «Құрылыс сапа» ЖШС. Олар күздің ортасына дейін жұмысты толығымен тәмамдауы шарт», - дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Жетісуда сапалы суға зар ауылдар бар

Оның айтуынша, бүгінде жалпы ұзындығы 400 шақырымды құрайтын арық желілері де тазартылған. Оларды қалпына келтіру, жаңа арық латоктарын салу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Алдағы уақытта шаһардың ішкі арық арналары 65 пайызға дейін жаңара түседі. Бұл бақша суғаруға әрі қаладағы тал мен гүлдерді суаруда маңызы зор шаруа.

Көктем мезгілінің басында қала маңындағы саяжайларда көпір өткелдері мен шағын каналдар тазартылған еді. Тәулік сайын коммуналдық қызмет өкілдері қаланы қатты қалықтан арылтып, арық арналарын тазарту шараларын іске асыруда. Қазір қаладағы Қаратал өзенінің арнасы ортайып қалды. Себебі шаруалар егіннің суаруда. Қаратал өзенінің суын ішіп отырған малдыауылдың тұрғындары өзеннің лайлана түскенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы