Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

31 Қазан 2024, 17:40
362
Бөлісу:
Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр
Фото: автордан

Ақсу мен Көксу қант зауыты қант қызылшасын баяу қабылдап жатыр. Кезекте тұрған шаруалар шағым жасауда. Қызылша төгетін алаң бос емес, жүргізушілер тәуліктеп күтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жүк көліктері 2 күн кезегін күтеді

Өңірде қант қызылшасы көп, ал оны қабылдайтын зауыттың көлемі кішкентай. Яки, Жетісуға тағы бір қант өңдейтін өндіріс орны керек екенін тұспалдап тұрғандай. Күздің басынан басталған күйбең тіршілік әлі жалғасуда. Жол бойында ұзына ұзақ кезегін күткен қызылша тиеген жүк көлігінің жүргізушілері аяғынан сыз өтіп, күздің қара суығында берекесі кеткенін айтып отыр. Бір ашылып, бір жабылған қант кәсіпорындары шаруалардың уайымын үдетіп барады.

Кешелі бері зауыт есігін күзетіп отырмыз. Карашаның қара суығы қарып барады. Бұрынғыдай емес жылдам қабылдайды дегеннің өзінде, біздер тәуліктеп тұрамыз. Жылыну үшін жүк көлігі оталып тұруы керек. Қазір дизель отыны өте қымбат. Зауыт алдында оны оталдырып қоя алмаймыз. Берілген жанармайды үнемдеп жеткізу керек. Одан кейін күніне жүздеген көлікті қабылдайды деген жалған ақпарат. Ондай жүк көлігін қабылдап жатқан жоқ. Қайта-қайта кагат алаңы толып қалды деп айтады. Оның бәрін неге есептемейді. Бұлар қантты өңдеп алайық дегеннің өзінде, қанша уақыт күтеміз. Ертең қар түссе тіпті қатынау қиын болады. Алқап басы қазірдің өзінде лайланып жатыр. Жүк көлігі кірсе шыға алмайды, - дейді жүргізуші Жанатбек Тереңбаев.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Қазір екі зауыт бар болғаны 352 мың тонна қант қызылшасын қабылдаған. Бұл жалпы 700 мың тоннаға жуық тәтті түбір түседі деп пайымдаған облыстық ауылшаруашылығы басқармасы үшін 60%-дан астам ғана көрсеткіш. Әлі қаншама тонна өнім кезегін күтіп тұр. Жалпы қант қызылшасын қабылдау уақытынан бері 1 ай өтті десек, әлі 300-ден астам тоннаны қабылдау уақыты қысқа дейін созылатын түрі бар. Бұл шаруалардың алаңын үдетіп отыр. Қар түссе тіпті қиын. Оның үстіне қазып алынған өнім уақыт өте салмағын жоғалта береді.

Бүгінде тәтті түбірдің себілу уақытынан бастап, жиналу уақытына дейінгі маусымдық жұмыстары жіті бақылауда. Өнімді жинау жұмыстарына жүзден атсам техника жқмылдырылды. Комбайндардың барлығы іске қосылды. Шаруалардың көптігін ескере отырып, шикізатты толықтай жинап алу үшін қосымша бюджетте қаржы бөлінді. Оған 19 жапырақ жинағыш пен 20 комбайн сатып алынып, қажет еткен шаруаларға таратылды. Мұндағы мәселе көлік кептелістері болып отыр. Оның алдын алу үшін арнайы аудандарға график ұйымдастырдық. Яки Көксу қант қауытына алдымен бір ауданның шаруалры толықтай өткізіп алған, соң қалған ауданның шаруалары өткізеді. Аталған кәсіпорын бүгінге дейін күніне 3 мың тонна қабылдаса, оны 4 мыңға дейін көтеру керек деп шештік. Қазір 13 700 гектар алқаптың қалған 5,1 мың гектарында жүріп жатқан қазу жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқталады. Дәл қазір қант қызылшасын жинау мен өткізу мәселелері облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауында ұстап отыр, - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Айта кетейік, нақты есеп бойынша тәтті түбір тұқымы 13,7 мың гектар жерге себілген. Ал одан қожалықтар 615 мың тонна өнім алады деп болжанып отыр.

Тағы бір қант зауыты қажет

Бетке ұстар екі зауыттың алаңына қант қызылшасы толықтай сыймайды. Мәселе осында. Сол себепті зауыт басшылары күн созып отыр. Яки алғашқы өнімдерді өңдеп, алаңды босатуды ойлайды. Ал оған шаруалар көне ме? Егінін қазып алған қызылшашылар шыр-пыр болады. Оның үстіне камазды жалдап жұмыс істетіп отырған шағын шаруалар бар. Оларға әр күні маңызды, қант қызылшасының салмағын жоғалтқан сайын түсер пайдасынан ұтыла береді. Осы күнге дейін 8 600 гектардан 403 мың тонна өнім жиналған. Әлі өнімін қазып алмаған шаруалар да бар. Жалпы алғанда себілген көлемнің 63 %-ы ғана жиналып үлгерді, қалғаны әлі жиналмаған. Оның 90 %-ы кәсіпорынға табысталған. Осы күні қыс түспей қазылша алқабының қалған бөлігін жинау жұмыстары қауырт жүріп жатыр. Биыл жалпы бір гектардың өнімділігі 472 центнерді құрап отыр. Бұл – үздік көрсеткіштердің бірі саналады.

Қант зауытының алдындағы кептелісті азайту мүмкін емес. Қаншама шара бар, бәрі өнімін кептірмей балғын күйінде өткізгісі келеді. Біздің кәсіпорын осы күнге дейін тәулігіне 150-160 жүк көлігін қабылдады. Бұл шамамен үш мың тонна көлемінде зауытқа шикізат келіп түсті деген сөз. Қазір осыған дейінгі кагат алаңында жатқан 140 мың тонна шикізатты өңдеуге кіргізіп жатырмыз. Алайда қанша зауыт өңдеді дегенмен алаңдар бірден босай қоймайды. Одан кейін сол орынды тазалау қажет. Ол да бір-екі күннің жұмысы. Бүгінде қалған қызылшаны төгетін арнайы алаң әзірлеп жатырмыз. Бүгіннен бастап 4 мың тоннаға дейін өнім қабылдауға кірісеміз. Ешқандай шаруаның өнімі далада қалмайды. Олардың бәрі тиісті орындарына барады, -дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Қазір қос зауыт барынша алаңын толтырып алуға бел байлап отыр. Өнімді толық өңдеуге олардың қауқары жете ме, жетпей ме, ол – келесі бір мәселе, әзірге шаруалардың еңбегі еш қалмауы тиіс. Ең қиыны шаруалар өткізген өнімнің қаржысы бөлініп түседі. Тіпті кейбір қожалықтарға көктемде беріп жатады. Соны шаруалар жыл соңынан дейін шешіп берсе деген өтінішін айтып отыр.

Қызылша егудің өз тауқыметі бар. Соған сай еңбек етсеңіз табысыңызда еселенеді. Әрине, қазір тамшылаты суару, жаңбырлатып сурау тәсілін алып келу маңызды. Сосын шетелдік технологияға сенім артқанда жөн. Тұқымның сапасына да мән беру керек. Мәселен, біз гектарынан 400-500 центнетден алып жүрсек, одан 3 есе көп өніп алуға болатынын дәлелдеген шаруалар да бар. Қазір егін егетін алқаптар көбейіп жатыр дегенімізбен, оған баратын су арнасы жоқ. Ол арнаны салу оңай шаруа емес. Біздің шаруалар сапалы тұқым мен су тапшылығын көріп отыр. Одан кейін уақытында қаржысы қалтасына түспейді. Үзіліп созылып түседі. Осы мәселе де қиын. Маусым кезінде жұмыс күшін сақтап қалу үшін қаржы керек. Олар айлап апталап айлық күте алмайды. Ал зауыт уақытында өткізген өнімнің қаржысын бермейді. Меніңше өңірге тағы бір зауыт қажет,- дейді шаруа иесі Ақтай Ақымбеков.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Жалпы қант қызылшасы саласында шешілмей жатқан мәселелер көп. Бірақ жыл сайын біртіндеп ретке келіп келе жатыр. Көбі техниканың ескіргенін айтады. Одан қалды тәтті түбірді тазалау жұмыстары қолмен жүреді. Тіпті жүк көлігіне қолмен тиеледі. Оны зауыт қабылдар кезде ішінде қоқысы көп, дұрыс тазаланбағанын айтып салмағын кемітеді. Мәселен, Көксу қант зауытын да және Ақсу қант зауытында да осындай жағдайлар кездесіп тұрады.

Осы уақытқа дейін Ақсу қант зауытына 210 мың тонна қант қызылшасы қабылданды. Қазан айының алғашқы үш аптасында тәулігіне 300 жүк көлігі зауытқ кіріп-шығып, өнімін төгіп кетіп тұрды. Соның салдарынан кагат алаңы толыды. Сол себепті қазір тәулігіне 160-170 жүк көлігін кіргізіп жатыр. Қазір сыртқы облыстардан қант қызылшасын қабылдау тоқтады. Бүгінде маңайдағы Сарқан және Алакөл аудандары мен біздің ауданға қарасты шаруалардың өнімі қабылданып жатыр. Келесі айдан бастап Талдықорған қаласына қарасты шаруалардың өнімі қабылданатын болады. Біз қосымша құрақ қант өңдегендіктен бәрін қатар алып жүруге бейілміз. Келер жылы шаруалардың саны артады. Оны да ойлаған жөн, - дейді Ақсу қант зауытының директоры Самат Надирбаев.

Келесі жылы ақсулық шаруалар техника түрлерін жаңғырту жұмыстары жүргізбек.

Түнде кезекте жанармай ұрлайды

Көтерілген тақырыпқа байланысты, біз зауыт алдында кезекте тұрған шаруалардың барып жайын сұраған едік. Барлығы ешқандай қағаз жүзінде кезек қойылмағанын жеткізді. Таныс-тамыр, туған-туыс, әкімдік арқылы үркіте-қорқыта кейбір шаруалар кезексіз кіріп кетеді. Олардың алдын бөгеу мүмкін емес. Ескелдідегі Хижниченконың шаруалары ешкімге бағынбайды екен. Мұны кезекте тұрған жалдамалы жүргізуші Жомарт Еркінбеков айтып берді.

Кеше осында кезекте тұрған тракторшы жігіттің 60 литр дизель отнын ағызып, алып кеткен. Тіпті багының аузын жаппапты. Түнімен көлікті өзің күзетпесең, жанармайынды ұрлап кетеді. 2 тәулік кезек күту оңай емес. Ығырымыз шығады. Бірі-бірімізді түтеп жеп қоя жалдаймыз. Абайы кезек, бәрі ауызша, айқаласып бір-бірінің алдын бөгеп әрең кіреді. Қызылшаға обал. Мәселен мына менде тиелген қызылшаға 1 апта болды. Бүрісіп тұр, салмағы алғашқы қазып алғаннан өте төмен болады. Айттың не айтпадың не солай. Ана Хижниченко деген зауыттың алдында тұрып алып өздерінің камазын өткізеді. Тіпті тікелей назарбаевқа шығамын деп қорқытады. Біресе аудан әкімі келіп айқайлап кетеді. Ескелдінің қызылшашылары кіріп жатыр. Мәселен Көксуда 81 көлік болса, Ескелдіде 71 көлік бар. Олардың дені жекеменшік, -дейді Жомарт Еркінбеков.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Оның айтуынша, тоннасына 5 мың теңгеден ақша алады. Соның ішінде тамағы мен жанармайы кіреді. Бір барып-келгені үшін көксулық тракторлар 30-40 литр дизель отынын жағады. Кейбір тракторшылар бір оталдырып, бір өшіріп әуре-сарсаңға түседі екен.

Облыстық ауылшаруашылығының мәліметінше, осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 31,4 мың гектар жерге себілген. Оның 19,5 мыңы – суармалы егістікте, қалған 11,9 мыңы – тәлімдік жерлерге жатады. Бүгінде егіншілер алқап басында шапқылап жүр. Себілген масақты дәнді дақылдар толық жиналып, 22,4 мың тонна астық бастырылған. Өнімділік гектарына 25,7 центнерді құрап отыр. Былтыр көксулықтар – 27,2 ц/га алса, жалпы облыс 24 ц/га өнім алған еді. Биыл 27,5 ц/га-дан алып отыр.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге үлесін қосып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еркше рөл атқарып отырған үлкен үш кәсіпорын бар. Оның бірі де бірегейі Көксу қант зауыты екіні көпке мәлім. Аталған ксәіпорын жылына 250 мың тонна қант қызылшасын өңдейді. Бүгінгі күнге толық жүктелген, қуаттылығын арттыру үшін 2025-2026 жылдары 29 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы уақытта кеңейту жұмыстарының нәтижесінде зауыттың қуаттылығы 500 мың тоннаға дейін жеткізіледі. Алдағы уақытта аудандағы қызылша кәсіпорнына 105 мың тонна қант қызылшасы жиналатын болады. Облыстағы екі зауыт биыл жалпы 100 мың тонна ақ қантты өндірсе, оның ішінде 73 мың тонна қант қызылшасынан, 27 мың тонна қамыс құрағынан алынбақ. Нақтылай кетсек Көксу қант зауытына 57 мың тоннасы тиесілі. Яки, 30 мың тонна қант қызылшасынан, 27 мың тонна қамыс құрағынан болып табылады, -дейді Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта аудан-аудандар өзара кезектесіп кіретін болады. Бірінші Ескелді ауданының өнімдері қабылданса, одан кейін жергілікті көксулық шарулардың өнімі қабылданады. Ал жанармай ұрлау мәселесі бойынша әр жүргізуші өз затына жауапкершілікпен қарағаны жөн екені айтылды.

Күздің аяғына дейін қант қызышасы мен дақылдар қабылданады

Зауыт алдымен жүк көлігімен бірге үстіндегі өнімді өлшеп алып, артынан жүк көлігін бөлек өлшеп, оны жалпы салмақтан кемітеді. Сонда өнімнің көрсеткіші шығады. Кейде арасында тас болады, немесе тәтті түбірті тазарту жұмысы дұрыс жасалмағаны ескеріліп, салмағын кемітуге зауыт құқылы. Себебі арасында топырақ та болады. Кейбір шаруалар арнайы техниканың күшімен тиегендіктен астындағы топырағымен бірге көлікке салады. Оның бәрі зауыт алаңында қалады. Сондықтан зауыт иелері шаруаларға ескерту жасап, салмағын кемітеді.

Көксу өңірінде себілген 2,3 мың гектар қант қызылшасының 1,4 мың гектары жиналды. Яки 59%-ы қазылып алды деген сөз. Одан 71,9 мың тонна өнім алындып, өнімділік гектарына былтырғыға қарағанда 184,7 центнерге жоғары болған. Былтыр гектарынан 337,3 центнерден алған еді. Биыл 522 центнерді құрап отыр. Жалпы облыс бойынша көрсеткіш – 453,4 ц/га. Осы жылы ауданда қант қызылшасы бағытында 4 шаруашылық бірігіп, 1 сервистік даярлау орталығын құрды. Оның аты – СЗЦ «Тәтті түбір». Оларға 738 млн теңгеге 11 бірлік техника лизингке берілді. Нақтылап айтсақ, 4 комбайн, 4 сепкіш,3 жапырақ жинағыш беріліп, егін шаруашылығында ерекше көзге түсті. Жалпы ауданда 85 бірлік техникамен қамтылған 4 сервистік даярлау орталығы жұмыс істеп жатыр. Жалпы Көксу ауданының ауылшаруашлығы саласында көрсеткіші жақсы. Майлы дақылдарда қамбаға молынан түсті, - дейді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Жетісуда қант қызылшасы зауыттарға сыймай жатыр

Майлы дақыл дегеннен шығады, ағымдағы жылы облысты майлы дақылдар 88,5 мың гектарға егілген. Атап айтсақ, күнбағыс – 12,2 мың га, майбұршақ – 68,3 мың га, мақсары – 7,7 мың га, зығыр – 258 га құрады. Бүігнде барлық майлы дақылдар, яки майбұршақ бойынша Ақсу ауданында – 16734,1 га / 12193,1 га, Алакөл ауданында – 22085,1 га / 17383,8 га, Ескелді ауданында – 10538,3 га / 10319,3 га, Қаратал ауданында – 2555 га / 1851 га, Кербұлақ ауданында – 3528,4 га / 0 га, Көксу ауданында – 11182,6 га / 11070,6 га, Панфилов ауданында – 184,6 га / 0 га, Сарқан ауданында – 19973,7 га / 13498 га, Талдықорған қаласында – 2023,7 га / 1917,75 га жинап алынды. Осы ретте жалпы алғанда186,4 мың тонна өнім жиналады деп жоспарланып отыр.

Біз де қант қызылшасы мен қатар майлы дақылдарда үлкен маңызға ие. Былтыр содан 171,2 мың тонна өніп алынған, оның ішінде 164,0 мың тонна майбұршақ болаты.Бүгінгі күнге майлы дақылдардың 61,0 мың гектары, яки 68,9%-ы шабылып, 117,5 мың тонна өнім жиналды. Нәтижеге қарасақ әрбір гектардан түсімі19,3 центнерді құрайды. Өткен жылы – 18,3 цн/га құраған еді. Майбұршақтың 44,0 мың гектары, яғни 64,3% шабылып, 94,4 мың тонна өнім жиналды. Бұгінде күнбағыс – 9,0 мың га-дан / 11,2 мың тн, майбұршақ – 44,0 мың га-дан / 94,4 мың тн, мақсары - 7,7 мың га-дан / 11,5 мың тн, зығыр - 258 га-дан / 312,6 тн өнім алынды - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбарасы Бақтир Шампиков.

Жалпы өңір бойынша 5 кәсіпорын 65 мың тонна майбұршақ қабылдайды. Атап айтсақ «Уыз Май Индастри» ЖШС – 40 мың тн/ 190 тг/кг, «Байсад» ЖШС трейдері-10 мың тн/ 190 тг/кг, «Халық Астық Экспо» ЖШС трейдері – 1,5 мың тн айына/ 195 тг/кг, «Agrimer Beskol» ЖШС – 14 мың тн/ 180 тг/кг, «PSD Grup» ЖШС – 1,0 мың тн/ 145 тг/кг өнім қабылдауға қауқарлы. Олар осы жылы 65 мың тонна қабылдайды деп күітілп отыр. Қазір «Уыз Май Индастри» ЖШС - 7,5 мың тонна қабылдап, оның 2,2 мың тоннасы қайта өңделді. 1 кг майбұршақтың қабылдау бағасы - 180 теңгені құрайды. Бұл былтырғы бағадан сәл жоғары саналады.

Өзгелердің жаңалығы