Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автожолында патрульдік полиция қызметкерлері өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24 қараша күні сағат 09:15 шамасында автожолдың 175-шақырымында патрульдеу барысында полицейлер Volvo маркалы жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқаған.
Көлік ішінде жылқылардың бар екенін білген тәртіп сақшылары дереу оларды құтқаруға кірісті. Сонымен қатар қызметтік автокөліктегі өрт сөндіргіштерді пайдаланып, жалынды сөндіру шараларын қабылдады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық жылқы қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлады Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі.
Жүргізушінің айтуынша, ол жылқыларды Күршімнен Шымкент қаласына тасымалдап бара жатқан кезде жүк көлігі кенеттен өртенген.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 38 жылқы аман қалды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде өрттен кейін аурухана қызметкері көз жұмды.
Тағы оқи отырыңыз:
Оралда көліктегі нөмірге балағат сөз жазып қойған жігіт жазаланды
Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды
Кассирді қорқытып, ақша алған: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды