Жетісуда кеден бекеті 151 заңсыз әрекеттің жолын кескен

7 Қазан 2024, 20:27
405
Бөлісу:
Жетісуда кеден бекеті 151 заңсыз әрекеттің жолын кескен
Фото: автордан

Жетісу өңірі Қытаймен шекаралас облыс болған соң, мұнда 2 бірдей кеден бекеті бар. Олар заңсыз саудамен айналысқан бірнеше топты ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрландыру жүйелері халыққа тегіс түсінікті ме?

Жетісудың инвестиция құюға бейіл инвесторлардың басым бөлігі қытайлықтар. Себебі өңір әлемдік державаға өте жақын, одан кейін кеден бекеттері арқылы түрлі экономикалық, логистикалық сауда-саттық айналымдарын ұйымдастыруға болады. Оның үстіне жері байтақ, топырағы құнарлы аймақта егін егіп, ксәпіорындар ашу өте тиімді. Мұны соңғы 2 жылдағы облыстық әлеуметтік-экономикалық бағыт-бағдарына қарап айтуға болады. Қзаір қытайлықтар аграрлы өңірге кәсіп ашуғы қызығушылық танытып жатыр. Мәселен, қызылша саласының жаңа технологиясын кіргізуде кеден бекеттері маңызды рөл атқарады. Қазір «Хоргос МЦПС» кеден бекетінде цифрландыру жүйесі ашық әрі қоғамға түсінікті етіп жасалған.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекет басшысы ел экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Осы бастаманы орындау шеңберінде мемлекеттік кіріс органдары «Қорғас ШЫХО» кеден бекеті кедендік операцияларды цифрландыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұған дейін «Қорғас ШЫХО» кеден бекеті жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарларды тіркеу және есепке алу үшін 2005 жылы пайдалануға енгізілген екінші кезектегі кедендік автоматтандырылған жүйе (ТАИС-2) пайдаланылған болатын. Осы ақпараттық жүйені техникалық қолдау 2017 жылдан бастап жүзеге асырылмайды және қазіргі уақытта «ТАИС-2» АЖ тауарды қабылдау, жөнелту мен беру және тауар мәртебесін мониторингілеу жөніндегі жетілдірілген функцияларын қолдамайды», дейді әдеп жөніндегі уәкіл – Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Нұрлан Баймулдинов.

Оның айтуынша, биылғы 15 сәуірден бастап Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қорғас ШЫХО» кеден бекеті тауарларды тасымалдау операторларымен бірлесіп мемлекеттік шекарадан өтетін жеке тұлғалардың тауарларын тіркеу үшін «Кеден» жаңа ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатыр

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез-келген қарапайым адамға түсінікті және ыңғайлы болуын жеткізген еді. Сондай-ақ қандай да бір қызмет түрлерін іске асырар алдында әртүрлі санаттағы азаматтардан құралған топтар жасақталып, оған халықты белсенді қатыстыруды тапсырған болатын. Осы ретте «Хоргос МЦПС» кеден бекеті жаңа заманға сай жасақталуда.

«Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет. Барлық құжат айналымын толықтай электронды форматқа көшіру керек. Қазіргі кезде талап ететіндей, құжаттарды қағаз жүзінде де, электронды түрде де дайындап, тапсыру дұрыс емес. Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуы керек», деген еді Ел Президенті.

Бұл ретте жаңа ақпараттық жүйе халықаралық стандарттар мен озық практикаға сәйкес әзірленген. Мемлекеттік шекарадан өту уақытын қысқартуға ықпал етуге және кедендік рәсімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беруде.

Бүгінде «Кеден» АЖ ресми іске қосылуымен багажды өңдеу және кедендік бақылау уақыты 2 есеге қысқарғанын атап өткен жөн. Мәселен соңғы 9 айдағы жағдай бойынша «Кеден» АЖ арқылы 106 712 жеке тұлғаның тауары өңделген екен. Дегенмен тұрғындар әлі кезекте көп тұратынын алға тартып отыр.

Саудамен айналысқаннан кейін жиі-жиі тауар алуға бекеттен өтеміз. Сенбі,жексенбі күндері ғана емес, жұмыс күндері де халық көп болады. Айына бір рет кіретіндіктен көбірек тауар алу өте қиын. Әрине бәріміз заңға бағынуымыз керек. Дегенмен терминалдарда алған тауарымыз жоғалып кетіп жатады. Бірде табло істейді, бірде істемейді. Түсініксіз. Кейді 1-2 сағатқа кешігеді. Жоғалған затты іздеу де қиын. Кезек күтіп отырасыз. Осының бәрін жүйелеу үшін тағы да көбірек өте жолғаынашу керек секілді. Себебі саудамен айналысатын жұрттың қарасы қалың. Күннен күнге артып келеді, - дейді Жаркент қаласының тұрғыны Зәуре Байбосынова.

17 мыңнан астам темекі өнімі ұсталған

Осы жүйенің басқа артықшылықтарының ішінен «Кеден» АЖ-ны қолдана отырып кедендік бақылау жүргізу үшін әр багаж терминалында барлығы 4 қызметкер жұмылдырылғанын атап өткен жөн. Бұған дейін «ТАИС-2» АЖ қолдану кезінде кедендік бақылау учаскелерінде 2 багаж терминалында 15 қызметкер жұмылдырылған екен. «Кеден» АЖ енгізу кедендік бақылаудың басқа учаскелерін күшейту үшін, нақтылап айтсақ жолаушылар терминалы, жүк терминалы 7 қызметкерді қайта бөлуге мүмкіндік бердген

Әрине, бизнес-процестерді цифрландыру мұнымен тоқтап қалмайды деп санаймыз. Атап айтқанда, біз QR-код арқылы багажды тіркеу кезінде тікелей кедендік төлемдерді төлеу үшін "Кеден" АЖ-сін екінші деңгейдегі банктармен интеграциялау мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл туристер үшін кедендік баждар мен салықтарды төлеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Күн тәртібінде «Қорғас ШЫХО» арқылы азаматтардың мемлекеттік шекараны нақты өту/өтпеуін тексеру мәселесі тұр.Осы мәселені шешу үшін жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактісін автоматты түрде растау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Бүркіт-2" АЖ-мен интеграциялау жоспарлануда. Қазіргі уақытта "Бүркіт-2" АЖ-мен салыстыру қолмен жүргізіледі. "Кеден" АЖ және "Бүркіт-2" АЖ интеграциясы жүктерді қабылдау пункттерінде багажды тіркеу кезінде адами факторды болдырмайды, бұл өз кезегінде кедендік бақылау процестерінің ашықтығын арттырады, - дейді облыстық МКД басшысының орынбасары Нұрлан Баймулдинов.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден заңнамасын бұзушылықтарды уақтылы анықтауға бағытталған кедендік бақылау процесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыра береді. Мысалы, жыл басынан бері кеден органдары 10 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражатын әкетуге 151 әрекеттің жолын кескен. Кідіртілген ақшаның жалпы сомасы 3,1 миллион АҚШ долларынан асқан. Осы кезеңде ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп 17 мыңнан астам темекі өнімі, оның ішінде 1800 дана электронды темекі (вейп), 2 мыңға жуық аң терісі, 300 дана ақбөкен мүйізі, 100-ге жуық бөтелке алкоголь ұсталған.

Жалпы кеден бекетерінде көлеңкелі бизнес қатты дамыған. Жылда бір шу шығып жатады. Оны тексергенімен бәрібіз жалғаса береді. Оны үлкен адамдардың бақылап отырғаны жайында да әңгіме бар. Құдды мемлекеттік монополияға айналған аймақ секілді. Зияның қарапайым халық тартады. Мәселен кейде белгілнген кг-нан жүгіңіз асып кетсе, бекетте тұрған қызметкер ақша сұрайды. Соның қолына артық ақша ұстатып өтеп кетесіз. Сосын құрылғылардың дені ескірген. Нақты анықтай алады деп ойламаймын. Мәселен шетелде бәрін ашып анық көрсетеді. Бізде олай емес. Бір темекінің қорабын ұстағанымен, бірнешесі өтіп кетеді. Оны да жұрт айтып жүр. Сосын жаламалы жұмысшылар арғы бетке барып еңбек етеді. Ауылдың маңайында жұмыс жоқ, - дейді қоғам белсендісі, зейнеткер Серғазы Таласбеков.

Айта кету керек, Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік шекара арқылы қос мақсаттағы тауарларды әкелудің жолын кесуге көп көңіл бөлп жатыр. Мысалы, 2023 жылдың басынан бастап 3 дана пилотсыз ұшу аппараттары (дрон), 107 дана фляга, 85 дана погон, жалпы саны 215 дананы құрайтын ішкі істер органдарының бас киімдері мен футболкалары ұсталды. Жалпы, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тауарлар мен жеке тұлғалардың ретсіз қозғалысын алдын алу, сондай-ақ «Қорғас ШЫХО» аумағында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөнінде белсенді іс-қимылдар жасалуда. Бұл ретте осы бағыт бойынша дәйекті жұмыс шаралары жалғасатыны анық.

Кедендік процестерді цифрландыру-бұл кеден органдары жұмысының тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халықаралық сауданы дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін революция. «Қорғас ХШЫО» т/п тәжірибесі цифрлық технологиялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенімді қалқан бола алатынын және кедендік ресімдеудің ашықтығын қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Егер сіз Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің фактілеріне тап болсаңыз, 24-35-22 сенім телефоны арқылы хабарласа аласыз. Осыны ұмытпаңыз, - дейді жауапты тұлға Нұрлан Баймулдинов.

Бүгінде кеден бекеттері Жетісудың жыртығын жамап отырған арнайы аймақтар саналады. Одан түскен салық та өңір экономикасын түрлендіруге мол мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласының дамуы Жетісудың ғана емес, мемлекеттің де мүддесіне зор ықпал етеді. Экономикалық бағытта да бәсекеге қабілетті ел атануға жол ашады.

Өзгелердің жаңалығы