Жетісуда балалар қылмысы көбеюде

16 Қыркүйек 2024, 20:00
337
Бөлісу:
Жетісуда балалар қылмысы көбеюде
Фото: автордан

Өңірде балалар арасында қылмыс күннен күнге артып келеді. Көбіне жасөспірімдер түрлі ұсақ тәртіпбұзушылыққа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісулық полиция департаменті рецидивтік қылмыстарды болдырмау үшін пробацияда есепте тұрған тұлғаларға тексеру жүргізген. Олар барлығы 300-ге жуық адамды тұрғылықты мекенжайын анықтап, қазіргі жағдайын саралаған. Мәселен, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалау болған, пробация, бұрын сотталған, маскүнем, машақор, сот шешімінсіз бақылау, кәмелетке толмағандар тексерілген. Одан бөлек түрлі қылмыс жасаған 24 бала ұсталған.

Біз арнайы рейд жүргізіп, жасөспірімдердің есірткіге әуестігін байқадық. Содан келетін қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Өкінішке қарай, моноқалада жасөспірімдер жасайтын тәртіпбұзушылықтар көбейген. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ алаяқтықты алдын алу шаралары ерекше назарға алынды, - дейді ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.

Оның айтуынша, рейд барысында бірнеше нысан тексеруден өтіп, Текелі қаласында тұрақты қызмет ететі 400-ге тарта шетел азаматының құжатын тексерген. Олардың тұрғылықты мекенжайын тіркеуге алып, түсіндірме жұмысын жүргізген.

Өңірде жасөспірімдер қыдырып баратын көрікті орындар да көзге түспейді. Сондықтан кәмілетке толмаған балалар әртүрлі қылмыс жасап, есірткі, ішімдік, темекі секілді зиянды заттарды қызығушылықтан тұтынады. Ісін бағамдап қарамайды. Көшеде үйіліп алып, сыра ішіп тұрғандарды көреміз. Әсіресе орыстың балалары. Жастар көбіне облыс орталығына барып сол жаққа қыдырады. Ал Текелінің маңайындағы ауылдан келген балалар тәртіп жиі бұзаты содан деп ойлаймын, - дейді моноқала тұрғыны Алпамыс Тәуірбек.

Өзгелердің жаңалығы