Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды

Прокуратура тексерісі барысында құрылыс жұмыстары «ағымдағы жөндеу» ретінде рәсімделгені анықталып, мемлекеттік сатып алу рәсімі жойылды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:49
Бүгiн 2026, 19:49
239
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Жетісу облысының прокуратурасы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-де мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтап, құны 53 млн теңгеден асатын тендердің күшін жойды.

Қадағалау тексеруі барысында аурухана өз аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізуге ашық конкурс жариялап, оны құжаттарда «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсеткені белгілі болды.

Жобалық құжаттамаға жүргізілген талдау нәтижесінде асфальт төсеу, аллеяларды абаттандыру, қоршаулар орнату және түрлі нысандарды монтаждау сияқты жұмыстардың сипаты бойынша құрылыс жұмыстарына жататыны анықталды. Мұндай жұмыстарды тек тиісті арнайы құрылыс лицензиялары мен рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана орындауға болады, – делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша Сарқан аудандық прокуратурасы прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдады. Нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Наверх