Жетісуда алаяқтар азаяр емес

Бүгiн, 13:29
151
Бөлісу:
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Фото: Арман Мухатов -архив

Облыста интернет-алаяқтық фактісі 341-ге жеткен. Оның жүзге жуығы ғана ұсталған. Келтірілген шығын – 516 млн 739 мың теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өзі жарымай отырған халықтың қалтасына түскен интернет ұрылары күннен күнге артып барады. Әсіресе ауылға хабарласып, қарапайым халықты әбден әбігерге салған. Кейбірі миллиондап несие алып берсе, кейбірі жинап отырған қаржысын ұстатып жіберген. Ең өкініштісі оларды ұстау баяу жүреді. Тіпті кейбірі құзырлы органдардың алдын орап кетіп жатыр. Мәселен ашылған істі пайызға шақсақ – 18,2%. Демек айлакерлер тәртіп сақшыларына оңайлықпен ұстатпайды.

Былтыр дәл осы уақытта 460 оқиға тіркелген еді. Биыл одан аз. Бүгінде 54 қылмыстық іс аяқталды, өткен жылы 65 болған. Соңғы он айда 68 бұрын жасалған қылмыс ашылды. Оның ішінде өткен жылғы 8 қылмыс жатады. Өкінішке қарай келтірілген шығын көлемі жарты миллионнан асады. Тұрғындарға барынша сақ болуды ескертіп жатырмыз. Көбіне үлкен кісілер алданып қалады. Несие алғанда барлық мәлімет интернет жадына сақталады. Алаяқтар мәліметті тез жинап алады. Мәселен алдын ала төлем жасау кезінде 113 тұрғын алданған, ал онлайн несиені 52 адам алып беріпті. Бұл жағдай жыл соңына дейін тағы артуы мүмкін. Тұрғындар бөтен нөмірді тексеріп алып, сөйлесуі керек, - дейді облыстық ПД КПБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов.

Қазір өңірде түсіндіру жұмыстары жүргенімен жеке мәліметін бөтен адамға ашық айтатын тұрғын көп. Банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалған алаяқтар 119 адамды алдап кеткен.

Телефонға код келген кезде келіншегім банк қызметі деген соң айта салған. 2 млн теңге кредит рәсімдеп алған. Анықтасақ Ресей жақтан хабарласқанекен, - дейді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Айбек Саудан.

Өзгелердің жаңалығы