Жетісуда 76 жастағы қарияның миына ота жасалды

27 Ақпан 2024, 17:08
630
Бөлісу:
Жетісуда 76 жастағы қарияның миына ота жасалды
Фото: Облыстық аурухананың баспасөз қызметі

Инсульт алған 76 жастағы науқасқа алғаш рет "стент-ретривердің көмегімен механикалық рентгенэндоваскулярлық тромбоэкстракция" емдеу әдісі арқылы ота жасалды, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Облыс көлемінде тұңғыш рет ақ желеңділер осындай қадамға барып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде инсультті емдеуде алғаш рет инновациялық тәсіл сәтті қолданды. 

Бүгінде науқас дәрігерлердің жеке бақылауында. Медициналық әдіс мидың бітелген тамырынан тромбты механикалық түрде алып тастауға жағдай жасалған арнайы заманауи құралды қолданумен айшықталады.

20 жылдан астам тәжірибесі бар нейрохирург дәрігер Айрат Жүнісовтың баяндауынша, процедура рентгендік бақылау арқылы жүзеге асқан. Бұл өз кезегінде ең қауіпсіз амал.

Процедура барысында біз мидың бітеліп қалған тамырына стент-ретриверді енгіздік. Сол арқылы тромбты ұстап, алып тастадық. Артынан қалыпты қан айналымын қалпына келді. Енді мидың зақымы болмайды. Осы әдіс көп жағдайда қан айналымын қалыпқа келтіруде басты рөл атқарады. Инсульт болудың алдын алып, науқасқа еркін тыныс алуға жағдай жасайды, - дейді дәрігер.

Жалпы ота уақыты 14 сағатқа дейін жалғасқан. Бүгінде науқасты нейрохирургия бөліміне ауыстырған.

Жалпы, талап бойынша бұл операцияны инсульт басталғаннан кейін алғашқы 6 сағатта жасауға рұқсат етілген. Сол себепті аурухана дер кезінде бару міндет. Егер сырқаттанушы кешігіп келсе бұл әдістің ешқандай көмегі болмайды. Мұнда әрбір минут маңызды. Мамандар алдағы уақытта да осы тәсілді жүзеге асыруға ниетті.

Өзгелердің жаңалығы