Жетісуда 400-ден астам кәсіпкер жоғары мөлшерлемеде жер салығын төлеп келген

25 Қыркүйек 2023, 13:53
795
Бөлісу:
Жетісуда 400-ден астам кәсіпкер жоғары мөлшерлемеде жер салығын төлеп келген
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жетісу прокурорлары мәслихаттың заңсыз шешімдерінің күшін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Текелі қаласы прокуратурасының наразылықтары бойынша қалалық мәслихаттың жер салығы мөлшерлемелерін 20 %-ға арттыру туралы 2 шешімі жойылды.

Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады («Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1-бабы). Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар жергілікті өкілді органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген, сәйкесінше заңды күші жоқ.  Алайда осыған қарамастан салық органы салық төлеушілерден жер салығы үшін жоғары мөлшерлемеде ақы алып отырған. Мәслихат шешімдерінің іс-әрекеті 5 мың жер пайдаланушының мүдделерін қозғайды, оның 400-ден астамы кәсіпкер, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, прокуратура бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы