Жетісуда 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер

20 Мамыр 2023, 11:44
958
Бөлісу:
Жетісуда 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер
Фото: BAQ.KZ

Жетісу облысында 267 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» үміткер болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, үздік белгіге үміткерлердің басым бөлігі, яғни 71-і Талдықорған қаласынан. Екінші орында Панфилилов ауданы – 31 үміткер, бұдан соң Сарқан ауданы – 28.

Еске салсақ, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Жетісу облысында 8700 орынды 10 мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, әрқайсысы 600 орындық мектептер Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында, Достық стансысында, Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, 1200 орынды мектептер Панфилов ауданы Жаркент қаласында, Талдықорған қаласындағы «Жастар», «Шығыс», «Көктал» шағынаудандарында, 1500 орындық мектеп – «Оңтүстік-Батыс», 900 орындық – «Жастар-2» шағын аудандарында, сол сияқты 300 орындық мектеп Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында салынады.

Соның ішінде 1800 орындық 2 мектептің құрылысы 2023 жылға жоспарланған (Алакөл ауданы Достық стансясындағы 600 орынды мектеп, Паняилов ауданы Жаркент қаласындағы 1200 орындық мектеп).

Өзгелердің жаңалығы