Жетісу облысында пойызбен соқтығысқан жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға бүгін Ақсу ауданындағы теміржол өткелінде болды.
18 мамыр күні сағат 17:35 шамасында Матай станциясындағы теміржол өткелінде Mitsubishi Pajero маркалы жеңіл автокөлік жүк пойызымен соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Жүргізушінің жеке басы анықталу үстінде.
Оқиға себебі — автокөлік жүргізушісінің жол жүру ережелерін бұзуы, - деп нақтылады компания өкілдері.