Жетісу облысында жоғалған балықшы аман-есен табылды (ВИДЕО)

Лепсі маңында жоғалған балықшы Сарқан ауданында өзге балықшылар жүрген аумақта болған.

 видеодан кадр Бүгiн 2026, 20:52
Бүгiн 2026, 20:52
99
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысының Сарқан ауданында құтқарушылар жоғалып кеткен балықшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1969 жылы туған ер адам Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым жердегі Аягөз өзенінде балық аулау кезінде жоғалып кеткен.

Жоғалып кеткен азамат 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, түнгі уақытта бағытынан жаңылып қалған. Іздеу барысында оның басқа балықшылардан алыс емес жерде жүргені анықталды. Оның екі досы өз бетінше үйлеріне қайтып кеткен, – делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция және туыстары жұмылдырылды. Нәтижесінде ер адам басқа балықшылардан алыс емес жерден табылды.

Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, медициналық көмек қажет болмаған.

Наверх