Жетісу облысында жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.

 istockphoto.com 2 Қазан 2026, 23:24
2 Қазан 2026, 23:24
140
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында Талдықорған – Үштөбе тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Апат автожолдың 21-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккен екінші адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Наверх