31 наурыз күні түске қарай Жетісу облысы аумағына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс күші Жаркент, Текелі және Жансүгіров ауылында 2 балл болып сезілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді.
Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º солтүстік ендік, 79.709º шығыс бойлық. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым болған.
Алдын ала есеп бойынша жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы мына аумақтарда 2 баллды құрады:
— Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында;
— Жетісу облысының Текелі қаласында;
— Жетісу облысы Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылында.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Сондай-ақ тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеген.
Сейсмикалық оқиғаның қарқындылығы 2 балды құрады. 112 нөміріне қоңыраулар түскен жоқ, - деп хабарлады ТЖМ мамандары.
Бұған дейін де сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні Астана уақытымен сағат 00:42-де магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Жаркент маңында орналасқан.