Жетісу облысында қар көшкіні жүруі, аулаларды қызыл су басуы мүмкін екені ескертілді

19 Желтоқсан 2023, 02:32
539
Бөлісу:
Жетісу облысында қар көшкіні жүруі, аулаларды қызыл су басуы мүмкін екені ескертілді
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын жел болады, тұман түседі деп күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі ескерту жариялады.

Төтеншеліктер мыналарды ескертеді:

  • су айдындарында мұз қабаты жұқарып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал;
  • таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін;
  • елдімекендерде жауын-шашынның түсуі, қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын су басуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға тағы мыналар ескертіледі:

  • үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізетін арнаны уақытылы тазарту;
  • балаларды су айдындарына бақылаусыз жібермеу, мұзда, тік және шайылған жағалауларда болу қаупі туралы ескерту;
  • қарлы тау беткейлеріне шықпау;
  • ауа-райының өзгеруін қадағау және "112" дауылды ескертуі хабарламасын алған кезде, елдімекендерден тыс жерлерге сапарламау ұсынылады.
Өзгелердің жаңалығы